TY - JOUR T1 - ЗАТТАНУ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН АТАЛЫМДАРДЫҢ ІШКІ МАҒЫНАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ AU - Samenova, Sveta AU - Omarova, Kamşat PY - 2016 DA - May DO - 10.33692/avrasyad.509623 JF - Avrasya Uluslararası Araştırmalar Dergisi JO - Avrasyad PB - Kürşat ÖNCÜL WT - DergiPark SN - 2147-2610 SP - 158 EP - 168 VL - 4 IS - 9 LA - tr AB - Заттану арқылы жасалған аталымдар - барлық тілде кездесетін, сөздік құрамнан орын алған сөздер. Заттанған сөздердің аталым деңгейіне жету дәрежелері әр тілде түрліше болып келеді. Ол тілдердің ішкі мағыналық құрылымдарының түрлілігімен сипатталады. Қазақ тіліндегі заттану арқылы жасалған аталымдардың да ішкі мағыналық құрылымдары заттану деңгейлеріне қарай әр түрлі болып келеді.Бұл мақалада қазақ тіл біліміндегі аталым теориясының негізін қалаған ғалымдар еңбектеріне шолу жасала отырып, аталым жасаудағы сөздің ішкі мағыналық құрылымының қызметі қарастырылады. Кез келген тілдегі сөздік құрамның молаюының бір жолы – жаңа сөз, яғни жаңа аталым жасау болса, ол тілдің лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларының ықпалы арқылы жүзеге асып жатады. Заттану арқылы, оның ішінде сын есімнің заттануы арқылы жасалған аталымдар, аталым деңгейіне жеткенге дейін бірнеше мағыналық даму кезеңінен өтеді де, қазіргі тілде зат есімдер қатарында танылады.Сонымен қатар, мақалада қазақ тілінде бір сын есімнің әр түрлі мағынада заттануынан бірнеше аталымның жасалатындығы тілдік деректер негізінде талданады. Сөз мағынасының қалыптасуы – адамның ойлау әрекетінің өнімі, ал өзгеруі мен дамуы – адамның танымдық әрекетінің нәтижесі деген қорытынды тұжырым жасалады. KW - Қазақ тіл білімі KW - заттанған сөздер KW - аталым KW - ішкі мағыналық құрылым CR - КУБРЯКОВА Е.С., (1977), Теория номинации и словообразование // Языковая номинация. Виды наименований, М.: «Наука». UR - https://doi.org/10.33692/avrasyad.509623 L1 - https://dergipark.org.tr/en/download/article-file/621103 ER -