TY - JOUR T1 - «Қобыланды батыр» жырындағы дәуір белестері TT - Вехи эпохи в эпосе «Кобланды батыр» AU - Abzhet, Bakyt PY - 2024 DA - June Y2 - 2024 DO - 10.59358/ayt.1451387 JF - Türkoloji PB - Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi WT - DergiPark SN - 1727-060X SP - 59 EP - 73 IS - 118 LA - kk AB - Автор өз мақаласында «Қобыланды батыр» жырының қазақ жыршыларының репертуарынан кеңінен орын алу себептерін қарастырады. Қобыланды батыр қатысатын соғыстар мен ондағы ұшырасатын адам аттары, тарихи оқиғалар мен фольклордағы уақыт пен кеңістік, эпоста келетін сюжеттер мен көне мотивтер, ескі ұғымдардың жаңаша пайымдалуы, заман талабына сай жырланып, жыршылардың өмір сүріп отырған уақытына жақын келу заңдылығы, жырдың композициясы мен қаһармандық эпостың табиғатына қатысты сөз қозғайды. Ғасырлар бойына ауыздан-ауызға таралып келген эпостың архаикалық эпостан қаһармандық эпосқа шейінгі даму кезеңдері мен оның эпос жанрының тарихи тұтастану кезеңдеріне, оның заңдылығы мен себептеріне тоқталады. Алтын Орда мемлекеті мен Ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы тұсында бұрынғы көне эпос қайта жанданып, көнеден келе жатқан бұл жырдың әр дәуірде түлеп, поэтикасының қайта жаңаша формада жырлана бастағаны көрініс табады. Дешті-қыпшақ кезеңінен бастау алатын бұл қаһармандық эпос өткен шақтан айтылатын болғандықтан кейінгі дәуірлердегі оқиғаларды, тіпті бірнеше ғасырдың тарихи кезеңдерін де ішіне қамтиды, әр ғасырдағы болған оқиғалар мен тарихи кейіпкерлер жырда араласып жүреді. Эпоста бұрынғы және кейінгі жаулар бір дәуірдің өкілдері болып айтылады, бұл фольклордағы барлық классикалық эпосқа тән дүниелер. Жас ұрпақтың бойына патриоттық сенімді ұялату, эстетикалық тәлім беруде батырлық жырдың алатын орны айрықша. Кешегі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде халықтың рухын ояту үшін бұрын тыйым салынған жырларды қайта дәріптеуді қолға алу себептері де белгілі. Сол тұста қағаз бетіне түскен «Қырымның қырық батыр» секілді циклді жырлар ішіне енген «Қобыланды батыр» жырындағы тарихи анахронизмнің себептеріне тоқталады. KW - Қобыланды батыр KW - архаикалық эпос KW - «Қырымның қырық батыры» KW - жыр KW - дешті-қыпшақ KW - ноғайлы KW - қызылбас KW - қалмақ KW - Қазақ хандығы. N2 - В представленной статье автор подробно рассматривает множество факторов, обусловливающих широкое распространение былына «Кобыланды батыр» в репертуаре казахских жыршы. Автор подробно исследует контекст войн, в которых участвует герой песни, а имена его жертв, хронология и пространство исторических событий, а также влияние фольклорных мотивов и древних эпосов. В данном контексте особое внимание уделяется эволюции эпического жанра, начиная от архаического эпоса кгероическому эпосу, который передавался из поколения в поколение устно. Основные этапы развития эпоса, происходившие в периоды правления Золотой Орды и Ногайскойэпохи, а также эпохи Казахского ханства, представляют собой существенные моменты в возрождении древнего эпоса. Значимость данного процесса освещается в контексте исторической интеграции эпического жанра, его легитимности и обусловливающих факторах. Отмечается, что в период Дешт-и-Кипчак возрождение древнего эпоса приобретало новые формы, о чем свидетельствует героический эпос «Кобыланды батыр». Рассматривая данную поэму, автор подчеркивает ее характер, ориентированный на прошедшее время, что позволяет включать в себя события более поздних эпох и исторических периодов, смешивая события и персонажей различных столетий. Важнымаспектом в контексте исследования оказывается подчеркивание патриотической функциигероической поэзии, занимающей особое место в воспитании патриотической веры у молодого поколения и эстетическом воспитании. Дополнительно выделяются причины повторного прославления ранее запрещенных песен в период Второй мировой войны, чтослужило средством возрождения духа народа. В заключение, автор выделяет особенностиисторического анахронизма в поэме «Кобыланды батыр», входящей в цикл стихотворений, таких как «Сорок батыров Крыма». CR - Алпысбаева Қ.Б., Әуесбаева П.Т. (2017). Қолжазба қорларындағы батырлық жырлардың жиналу тарихы. Монография. –Алматы, Әдебиет әлемі, –336 б. CR - Авакова Р.А., Баят Е. (2019). Түркі-моңғол батырлық жырларындағы көне сюжеттер: компаративистик талдау// Түркология, №2 (94), Наурыз-сәуір. Түркістан. 117-128 бб. CR - Айымбетов Қ. Халық даналығы. Нөкис: Қарақалпақстан, 1988. – 492 б. CR - Әуезов М. (2014). Шығармаларының елу томдық толық жинағы. – Алматы: Дәуір, Жібек жолы, 4-том: CR - Зерттеулер, оқулықтар, әдеби нұсқалар. 1924–1930. – 456 б. CR - Бабалар сөзі: Жүз томдық (2007). – Астана, “Фолиант”, 36-том. Батырлар жыры. 430. -бет. CR - Rakiş J.S. (2019). «Kambar Batir» Destani’ni Dönemselleştirme. Avrasya Uluslararası Araştırmalar Dergisi. Cilt: 7 Sayı: 16 Sayfa 1211–1233. Mart. Türkiye. CR - Қасқабасов С. (2009). Ойөріс. Алматы, “Жібек Жолы”, – 303 б. CR - Қасқабасов С. (2001). Тұтастану – фольклор поэтикасының заңдылығы./Қазақ фольклорының поэтикасы. – Алматы, Ғылым, – 250 б. CR - Нұрмағамбетова О. (1990). Қазақ эпосын айтушы жыршы, жыраулар. Фольклор шындығы. – Алматы, Ғылым, – 264 б. CR - Söylemez O., Aliyeva L. (2000). Alpamış batır ve Er Targın destanlarında kahraman, kadın ve at motifleri üzerine bir deneme // A.Ü.Türkiyat Araştırmaları Enstitüsü Dergisi. Sayı 14. Erzurum, – 25 s. CR - Сулейменов О. (1989). Эссе, публицистика, Стихи, поэмы. Аз и Я. – Алма-Ата, Жалын, –592 с. UR - https://doi.org/10.59358/ayt.1451387 L1 - https://dergipark.org.tr/tr/download/article-file/3788539 ER -