@article{article_509322, title={ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІ ЖӘНЕ КІТАБИ АҚЫН ҚИССАСЫ}, journal={Avrasya Uluslararası Araştırmalar Dergisi}, volume={4}, pages={19–25}, year={2016}, DOI={10.33692/avrasyad.509322}, author={Ergobek, Sapar}, keywords={Ясауи хикметтері,сопылық ілім,жыр}, abstract={Қожа Ахмет Ясауидің сопылық ілімінің, өмірлік ұстанымының негізін танытатын
хикметтері қазақ ақындары тарапынан ғасырлар бойы жырланып келді. Сопы ақын
хикметтерінің мәні мен маңызы қазақ ақындары жырлаған дәуірлер тынысына өзек боп
өрілді. Жыраулар поэзиясы өкілдері шығармаларында көрініс беретін мұсылман діні,
мұсылманшылық туралы ойлары Ясауи ілімімен, Бақырған шығармаларымен, Алтын
Орда дәуірінде өркендеген мұсылмандық өркениетімізбен сабақтасып жатады. Әсіресе
отарлық дәуір аталатын ХІХ ғасыр ақындары шығармаларындағы зарлы әуен, зар заман
сарыны Ахмет Ясауидің дәуір, дәуір тынысына орай құбылған адам болмысы туралы
өрілген ойларымен тығыз сабақтастықта жырланды десек артық болмайды. Зар заманның
ұлы жыршылары деуге болатын Дулат, Шортанбай, Мұрат шығармалары, Кердері
Әбубәкір толғаулары Ясауи толғаған заман жайымен үндесіп жатты.}, number={9}, publisher={Kürşat ÖNCÜL}