Research Article

ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫ МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИЕТІ

Number: 68 December 19, 2014
  • O. Bekzhan
KK EN

ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫ МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИЕТІ

Abstract

Қаратаудың күнгей бетіндегі тарихи қалалық топонимдердің арасында соңғы буыны НАҚ болып келетін атаулар өзінің ежелгілігімен ерекшеленеді. Тіліміздегі керней, сырнай сөздерінің түпкі төркіні қарнақ~ сырнақ түбірлері деп білеміз. Ал қар // сыр сөздері – мар // мұр (мүйіз) сөздерінің сәйкестүрлері. Мұндай тұжырымдар қарнақ // сырнақ сөздері көне заманда “мүйіз екі” (қос мүйіз) мағынасын білдіргенін байқатады. Осындай қолданыс – қарнақ> қарнағ> қарнай // карнай> керней; сарнақ >сарнағ//сырнағ> сырнай – араб тіліне “қарнайни (екі мүйіздің)” болып енген деуге болады. Қолданыла келе қарнақ // сырнақ сөздеріндегі нақ сөзі де “іші қуыс зат” (нақ> нағ >нау(а); нақ >нағ >най “сыбызғы”) мағынасын иеленгені аңғарылады. -Нақ, -кент морфемаларының шығу төркіні туралы екінші пайымға зер салсақ, ежелгі Қаңлы және одан арғы мемлекеттердің қалалары Қарнақ, Шорнақ, Йүгнек, Шобанақ, Ташанақ, Сығанақ болып, қазірге дейін аталып келеді. Тағы бір осыдан кейінгі түркіше көне атаулар Құмкент, Саудакент, Өзкент, Жанкент, Сүткент, Манкент сияқты болып келеді. Бұлардың соңындағы КЕНТ атты бөлігі ел, халықтың тұрғын жайы деген мәнді білдіретін сөз екені белгілі. Ал нақ сөзінің тап сондай елді-мекен деген мағынасын ешбір түркі халықтарының сөз қорынан кездестірмейміз. Соған қарағанда бұл сөз өте ежелгі заманда қолданылып, кейін оның орнын басқа сөзқолданысы иемденген тәрізді. Кент сөзінің көне қолданысы ҚАНТ екені мәлім. Осы сөзді керісінше оқысақ, ТНАҚ болып шығады. Бұл жоғарыдағы Қарнақ, Шорнақ атауларындағы НАҚ сөзі емес пе, тек олардағы Т дыбысы уақыт өте келе қысқарған. Яғни, ежелгі заманда бұл қалалар Қартнақ, Шортнақ, Йұқтнақ болып айтылған. 2002 жылдың 21 мамырында филол. ғ. д. Али Аббас Чинар мен тарих ғ. к. Зікірия Жандарбек Маңғыстау облысында ғылыми экспедицияда болып келді. Экспедиция өзінің алдына қойған мақсатын түгел орындап, 4 маусым күні табысты оралды. Экспедицияның үлкен олжасы, түркология ғылымына қосылған жаңалық, Ералиев ауданындағы «Ерсарының қайрағы» деген жердегі көне түркі күлбізік (руна) жазуы бар үлкен сынтасты табуы болды. «Ерсарының қайрағы» деп сол сынтас аталады екен. Жазу тас бағанның жоғарғы жағында көне түркі әліппиімен, ірі етіп, терең ойылып жазылған. Үш таңбадан тұрады: Транскрипциясы: Қа НҚ еЛ²і. Аудармасы: Қаңлы елі (тура мағынасы : Қанқ елі). Күлтөбе қала орнынан табылған жазуларды үлкен жазу және кіші жазулар деп бөлгенбіз. Үлкен жазу деп КЛТ – ІV (Күлтөбе – ІV) жазуын айтсақ, қалған жазулары көлеміне қарай кіші жазулар болып саналады. Солардың ішіндегі кірпіш сынығының және жазу көлемінің ең кішісі деп саналғаны – Күлтөбе – V жазуы. Жазуда күлбізік әліппиімен 25 таңба жазылған. Мағынасы «ежелгі ата-бабалар құрған ел мен жер – алып, ақ» деген мәндерді білдіреді.

Keywords

References

  1. Аманжолов, А. С. (2003). «История и теория древнетюркского письма». Алматы, «Мектеп» баспасы, 237-б.
  2. Байпаков, К.М., Подушкин А.Н. (1989). «Памятники земледельческо-скотоводческой культуры Южного Казахстана». Алма-Ата, изд. “Наука”, С. 28-78.
  3. Байпаков, К.М., Елеуов М.Е. (2002). «Кангюй, Кангха, Кангу Тарбан» Түркология, Түркістан, № 1, С. 56.
  4. Байчоров, С.Я. (1989). «Древнетюркские рунические памятники Европы». Ставрополь, С. 73, 136.
  5. Бекжан, О. (2001). «Енесей ескерткіштеріндегі белгісіз бесінші бірігіңкі дауыссыздардың мағынасы мен таңбасы». Тілтаным, № 2, 99-б.
  6. Бекжан, О. (2003). «Маңғыстау – Хун – Қаңлы жазуы». Қазіргі заманғы түркология ғылымының өзекті мәселелері және алдағы міндеттері. І Халықаралық Түркология Конгресі материалдары. Түркістан, 96-108-бб.
  7. Бекжан, О. (2003). «Маңғыстаудағы Сенек жазуы». Түркология, № 4, 3-19-бб.
  8. Бекжан, О. (2005). «Көне түркі жазба ескерткіші Шу-2 бітігінің мағынасы». Қазақстанның ғылыми әлемі, № 2, 97-103-бб.

Details

Primary Language

Kazakh

Subjects

Linguistics

Journal Section

Research Article

Authors

O. Bekzhan This is me
Kazakhstan

Publication Date

December 19, 2014

Submission Date

December 19, 2014

Acceptance Date

-

Published in Issue

Year 2014 Number: 68

APA
Bekzhan, O. (2014). ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫ МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИЕТІ. Türkoloji, 68, 16-30. https://izlik.org/JA76WL34KF
AMA
1.Bekzhan O. ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫ МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИЕТІ. Türkoloji. 2014;(68):16-30. https://izlik.org/JA76WL34KF
Chicago
Bekzhan, O. 2014. “ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫ МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИЕТІ”. Türkoloji, nos. 68: 16-30. https://izlik.org/JA76WL34KF.
EndNote
Bekzhan O (December 1, 2014) ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫ МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИЕТІ. Türkoloji 68 16–30.
IEEE
[1]O. Bekzhan, “ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫ МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИЕТІ”, Türkoloji, no. 68, pp. 16–30, Dec. 2014, [Online]. Available: https://izlik.org/JA76WL34KF
ISNAD
Bekzhan, O. “ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫ МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИЕТІ”. Türkoloji. 68 (December 1, 2014): 16-30. https://izlik.org/JA76WL34KF.
JAMA
1.Bekzhan O. ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫ МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИЕТІ. Türkoloji. 2014;:16–30.
MLA
Bekzhan, O. “ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫ МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИЕТІ”. Türkoloji, no. 68, Dec. 2014, pp. 16-30, https://izlik.org/JA76WL34KF.
Vancouver
1.O. Bekzhan. ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫ МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИЕТІ. Türkoloji [Internet]. 2014 Dec. 1;(68):16-30. Available from: https://izlik.org/JA76WL34KF