Research Article

АХМЕТ ЗӘКИ УӘЛИДИ ТОҒАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

Number: 68 December 19, 2014
  • S. Abuşarip
KK EN

АХМЕТ ЗӘКИ УӘЛИДИ ТОҒАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

Abstract

Ахмет Зәки Уәлиди әлемге белгілі саяси қайраткер, Башкортостан автономиясының ұйымдастырушысы және әйгілі түріктанушы-ғалым. Кеңес үкіметі кезінде өз Отанын тастап шығуға мәжбүр болған айтулы ориенталистің есімі ешқандай негізсіз қараланды. Мұндай айыптаулар 1922 ж. қаңтарында Стерлитамак қаласында өткен РКП (б)-ның V Башқұрт конференциясында тағылды. Содан бері жиырмасыншы ғасырдың 90-шы жылдарының басына дейін тарих ғылымында (Ресейде де, оның ішінде Башкирияда, сондай-ақ Қазақстанда да) оның ғылыми және қоғамдық-саяси қызметін зерттеуге тиісті мән берілмеді. Соңғы онжылдықтарда ТМД кеңістігінде белең алған әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер халықтардың ұлттық сана-сезімінің оянуына серпін берді. Ұлттық мәдениеттің тарихи бастауларына жүгіну этностардың қайта өрлеуіне жәрдемдеседі. Ұлттың құрамында әлеуметтік шындықты терең пайымдай алатын және халық бұқарасына әсер ете алатын тұлғалардың болуы халықтың әлеуметтік белсенділігінің кепілі болып табылады. Белгілі бір ұлттың дарынды өкілдері шығармашылығының оның дамуына салмақты әсер ететіні белгілі. Түріктердің тілдерін, тарихын, әдебиетін, мәдениетін тікелей зерттеумен айналысатын танымал ғалымдар қызметінің Түрік әлеміндегі этномәдени процестерге ететін ықпалы айрықша мығым. Олардың тарапынан тұжырымдалатын түріктер мәдениеттерінің дамуының модельдері этникалық қоғамдар тұратын өңірлерде қоғамдық пікірді қалыптастыруға қабілетті. Жоғары деңгейдегі сана иесінің жарияланымдары халықтардың дүниетанымдық ұстанымдарын анықтайды. Башқұрттар ортасынан шыққан А.Уәлиди – XX ғасырдың ең ірі шығыстанушыларының бірі. Егер «Түріктер мен татарлар тарихы» еңбегінде Уәлиди Шыңғысханның басқыншылық соғыстары заманынан бастап Қазан хандығы кезеңіне дейін түрік тарихын зерделесе, «Қазіргі Түркістан және оның таяудағы тарихы» атты кітабында және өзінің жазған басқа көптеген кітаптарында және мақалаларында, ол түрік халықтарының, оның ішінде қазақтардың да ұлттық мәселелерін сөз етеді. Айта кету керек, Башқұртстандағы және Түркістандағы А. Уәлиди басқарған ұлттық қозғалыс публицистикалық, ғылыми және көркем әдебиетте кеңінен көрініс тапқан. Алайда таптық күрестің бірінші орынға шығарылуы оның саяси қызметі мен шығармашылығын біржақты қарастыруға әкеліп соқтырды. Біздің республикамызда көп жылдар бойы Уәлидидің ғылыми еңбектері басылған жоқ. Қазіргі уақытта оның ғылыми және қоғамдық-саяси қызметін объективті зерделеу және оны таныту қажеттілігі туындайды. А. Уәлидидің тұлғалығы көптеген пікірталас тудырып, қызметі түрліше бағалануда: сіңірген еңбегін мойындаудан бастап, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашистік режиммен ауыз жаласу сияқты негізсіз айыптаулар тағылды. Уәлиди мұрасын зерттеп-білудің Түріктердің тұтастығын сезіну үшін танымдық-тағылымдық және практикалық маңызы зор. Сондықтан мақалада Уәлиди шығармаларының, оның замандастары рецензияларының, сондай-ақ қазіргі уақыттағы зерттеулердің, жарияланған архивтік деректерді ғылыми талдаудың негізінде оның қоғамдық-саяси қызметі кешенді түрде қарастырылады. Ол – ғұмырын «Түркістан идеясына» арнаған жан. Ғылыми шығармашылығы оның қоғамдық-саяси қызметінің негізін қалады және керісінше, саяси аренадағы қайраткерлігі оның ғылыми-рухани ізденістерінің бағыты мен мән-мағынасына арқау болды.

Keywords

References

  1. Айманов Б. (2013), Түркістан автономиясы // Түркістан, 29 тамыз, 9-б.
  2. Ахмет-Заки Валиди: от сеператизма – к гитлеризму .http://rksmb.org/print.php?3385 10 сентября 2013 г.
  3. Ахметзаки Валиди Тоган. История башкир. – Уфа. 2010 Isbn =978 – 5 -295- 05000-8 cтр. 222.
  4. А.Валиди Тоганның «Воспоминания» еңбегінен – 25 июль.
  5. Қыдыралиев Д. (2010), Түркістандағы автономия мәселесі және ұлттық құрылтайлар//Хабаршы. «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы. № 2, –134 б.; Қараңыз: Айманов Б. (2013), Түркістан автономиясы // Түркістан, 29 тамыз, 9-б.
  6. Его биографию см.: Каримов Н. Чолпан (1991) Ташкент,. Ср.: Каримов Н. (1992), Описание убийцы Алпамыша // Шарк Юлдузи. Тошкент. № 12.
  7. Люди и судьбы. Биобиблиографический словарь востоковедов - жертв политического террора в советский период (1917-1991)/ Я. В. Васильков, Сорокина М. Ю. – Санкт-Петербург: Петербургское Востоковедение, 2003. – С. 496. – ISBN 5-85803-225-7; http://www.gsrb.ru/ru/about_parliament/history/parlament_tom_1-1.pdf Парламентаризм в Башкортостане: история и современность. Уфа, 2005- 304с. (на с.41).
  8. Более новая работа: Масаюки Ямаучи. Мечта о Султангалиеве (Токио, 1986, на япон. яз.). См. также источники, цитируемые Ямаучи в его докладе «One Aspect of Demo¬cratization in Tatarstan: The Dream of Sultangaliev Revisited», прочитанном на конференции по исламу и демо-кратизации в Центральной Азии, проведенной университетом штата Массачусетс (Амхерст, 26-27 сентября 1992 г.).

Details

Primary Language

Kazakh

Subjects

-

Journal Section

Research Article

Authors

S. Abuşarip This is me
Kazakhstan

Publication Date

December 19, 2014

Submission Date

December 19, 2014

Acceptance Date

-

Published in Issue

Year 2014 Number: 68

APA
Abuşarip, S. (2014). АХМЕТ ЗӘКИ УӘЛИДИ ТОҒАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ. Türkoloji, 68, 86-102. https://izlik.org/JA28EK28YL
AMA
1.Abuşarip S. АХМЕТ ЗӘКИ УӘЛИДИ ТОҒАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ. Türkoloji. 2014;(68):86-102. https://izlik.org/JA28EK28YL
Chicago
Abuşarip, S. 2014. “АХМЕТ ЗӘКИ УӘЛИДИ ТОҒАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ”. Türkoloji, nos. 68: 86-102. https://izlik.org/JA28EK28YL.
EndNote
Abuşarip S (December 1, 2014) АХМЕТ ЗӘКИ УӘЛИДИ ТОҒАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ. Türkoloji 68 86–102.
IEEE
[1]S. Abuşarip, “АХМЕТ ЗӘКИ УӘЛИДИ ТОҒАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ”, Türkoloji, no. 68, pp. 86–102, Dec. 2014, [Online]. Available: https://izlik.org/JA28EK28YL
ISNAD
Abuşarip, S. “АХМЕТ ЗӘКИ УӘЛИДИ ТОҒАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ”. Türkoloji. 68 (December 1, 2014): 86-102. https://izlik.org/JA28EK28YL.
JAMA
1.Abuşarip S. АХМЕТ ЗӘКИ УӘЛИДИ ТОҒАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ. Türkoloji. 2014;:86–102.
MLA
Abuşarip, S. “АХМЕТ ЗӘКИ УӘЛИДИ ТОҒАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ”. Türkoloji, no. 68, Dec. 2014, pp. 86-102, https://izlik.org/JA28EK28YL.
Vancouver
1.S. Abuşarip. АХМЕТ ЗӘКИ УӘЛИДИ ТОҒАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ. Türkoloji [Internet]. 2014 Dec. 1;(68):86-102. Available from: https://izlik.org/JA28EK28YL