Түркі халықтарының рухани-мәдени құндылықтар жүйесі жалпы түркі халықтары ата-бабаларының дүниетанымымен, тарихымен, өмір тәжірибесімен үздіксіз жалғасып келе жатқан тұтас құбылыс. Ежелгі түркі халықтарының жалпы түркілік болмысқа тән мәдени-рухани құндылықтар жүйесі жайлы мағлұмат беретін бірден-бір жазба дерек – VІІ-ІХ ғасырларда жазылған көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Түркілердің ғаламды тану құбылысы - Жаратушы ие (тәңір) және адам, табиғат және адам, адам және қоғам, адам және кеңiстiк, адам және уақыт cынды әмбебап түсiнiктер жиынтығынан және солардың аясына кіретін - жан мен тән, өмiр мен өлiм, жақсылық пен жамандық, мәңгiлiк пен жалғандық, жат пен жақын т.б. ұғымдар кешенінен тұрады. Осындай түсiнiктер мен ұғымдар жиынтығынан тұратын концептуалды жүйенің лингвистикалық бiрлiктер арқылы акустикалық немесе графикалық тұрпат алуы ғалам бейнесінің түркілік тiлдiк моделін сомдайды. Аталған ұғымдардың бәрі де өзек концепт – Адам концептісінің мазмұнынан тарайды.
Көне түркі жазба ескерткіштері Рухани құндылықтар Этноконцепт Лингвистикалық бірліктер Түркілердің Елдік позициясы Репрезентация
Birincil Dil | Kazakça |
---|---|
Konular | Dilbilim |
Bölüm | Araştırma Makaleleri |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 26 Şubat 2016 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2016 Sayı: 75 |