Бұл мақалада белгілі қарақалпақ фольклортанушысы, профессор К.Алламбергеновтың «Едіге» дастанының ұлттық версияларын зерттеуге қосқан үлесі жайында сөз болады. К. Алламбергенов ХХ ғасырдың 90 жылдарының бірінші жартысында да «Едіге» дастаны бойынша бірқатар ғылыми-теориялық, практикалық жұмыстар атқарды. Күнделікті баспасөздерде, ғылыми-теориялық конференцияларда дастанның маңызды мәселелеріне байланысты батыл пікірлер білдірумен қатар республикалық журналдарда отызға жақын көлемді ғылыми мақалалары жариялады. 1993-1994-жылдары С.Бахадырова, Т.Ниетуллаевтармен бірге дастанның және бір варианты - «Тұлым биді» «Қарақалпақстан мұғалімі» журналында өз алғы және соңғы сөзімен бастырып шығарды.
К.Алламбергеновтың 1995 жылы «Білім» баспасынан шығарған «Қарақалпақ халық дастаны «Едіге» атты көлемді монографиясы Қазақстан, Орта Азия, Таулы Алтай және Кавказдағы түркі тілдес халықтар фольклористикасында «Едіге» дастаны бойынша жасалған ең алғашқы ғылыми еңбек. Монографияда ғалым «Едіге» дастанының ұлттық версиясы, варианттарын салыстырып талдау негізінде дастанның мазмұны және көркемдік ерекшеліктерін, версиялар типологиясын, тарихи негіздерін сенімді дәлелдеп бере алған.
Мақала авторлары ғылыми шығармашылық өмірін Едіге және Едігетанудың ерлік істерімен тығыз байланыстырған үлкен жүректі ғалым К.Алламбергеновтің аталмыш еңбегіне ғылыми талдау жасаған. Және ол еңбекті тек ғана қарақалпақ фольклористикасында емес, жалпы түркі дүниесі фольклортануындағы ең алғашқы көлемді және құнды еңбек деп бағалайды.
Едіге Едігетану Вариант Версия Типология Ұлттық версия Түркі дүниесі фольклортануы
In this article we are talking about the contribution of famous Karakalpak folklorist, professor K.Allambergenov in the study of national versions of the epos "Edige" K.Allambergenov and 90’s carried out some scientific-theoretical and practical work on Dastan "Edige". He boldly stated his opinion on important issues Dastan in daily periodicals, scientific and theoretical conferences and published about thirty volume of scientific articles in national magazines. In 1993-1994, together with S.Bahadyrov, T.Nietullaev published in the journal "Karakalpakstan mugalіmі" another option Dastan "Tulym bi" with his preface and after word.
Substantial monograph K.Allambergenov "Karakalpak folk epos "Edige", released in 1995 with the publishing house "Bilim" is the first scientific work, created in the folklore of Kazakhstan, Central Asia, the Altai Mountains and the Turkic-speaking peoples of the Caucasus. Scientist in the monograph in a comparative analysis of national versions and variants Dastan "Edige" justified true content and artistic features Dastan typology versions, historical foundations of this epos.
The authors analyze this scientific work courageous teaching of his creative life with heroic acts in Edigetanu, K.Allambergenov. And also appreciate this work as the very first surround and valuable work, not only in Karakalpakstan folklore, but in the folklore of the Turkic world.
Edige Edigetanu Variant Version Typology National version Folklore of the Turkic world
Birincil Dil | Kazakça |
---|---|
Konular | Türk Halk Bilimi, Sanat ve Edebiyat |
Bölüm | Araştırma Makaleleri |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 20 Haziran 2014 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2014 Sayı: 67 |