ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ақын-жазушы, педагог-психолог, тарихшы-тюрколог, аудармашы, аса ірі қоғам қайраткері – Мағжан Жұмабаевтың артына қалдырған бай мұралары педагогикалық психология ғылымы үшін бай мұра болып табылады. М.Жұмабаев елімізде педагогикалық психологиядан тұңғыш еңбек жазған ерекше тұлға. Оның «Педагогика», «Бастауыш мектептегі ана тілі», «Сауатты бол» еңбектеріндегі айтылған ойлары мен түйген тұжырымдарының ғылыми мәні жоғары. Бұл еңбектер тек әдістемелік және дидактикалық құрал ғана емес, педагогикалық, психологиялық құнды кітаптар болып табылады. Педагогикалық қызмет М.Жұмабаевтың пікірінше, оқу-тәрбие процесі баланың әр жас кезеңіндегі жан көріністерін білсе, сапалы болмақ. Сондықтан да баланың жан көріністерін жақсы біле отырып, оны оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалана білуіміз қажет.
Primary Language | Russian |
---|---|
Subjects | Regional Studies |
Journal Section | Research Article |
Authors | |
Publication Date | December 1, 2016 |
Published in Issue | Year 2016 Volume: 2 Issue: 4 |