Қандай да бір сөйлемнің мақсаты (мейлі ол етістікті немесе есімді сөйлем болсын)
– айтушының түрлі мақсаттан туындаған хабарын жеткізу. Ол өз бойында шындық болмыс
жағдаяты туралы ақпарат, я болмаса бір нәрсе туралы сұрақ немесе сөйлесу барысына
қатысушы екінші тұлғаны іске қосу мақсатын қамтуы мүмкін. Соның нәтижесінде сөйлем:
хабарлы, сұраулы және бұйрықты сөйлемдер сияқты функционалды типтерге бөлінеді.
Егер хабарлы сөйлемде сөйлеу актісіне қатысушы тұлғалардың тікелей байланысын
қажет етпесе (яғни айтушының өзі хабарлап отырған ақпаратты нақты бір адресатқа
бағыттауы міндетті емес), сұраулы және бұйрықты сөйлемдерде жағдай басқаша. Мұнда,
қалыпты жағдайда, сөйлемнің нақты адресатқа бағытталуы, сөйлеу актісіне қатысушы
екінші тұлғаның (сұхбаттас адамның) белсенді реакциясын қажет етеді. Ол белгілі іске
қосу үшін екінші тұлғаға бағытталған сұраулы немесе бұйрықты сөйлемнің мағынасында
ашық немесе жасырын (имплицитті) түрде көрініс береді. Бұл оларды (сұраулы, бұйрықты
сөйлемдер) өз кезегінде хабарлы сөйлемнен ажырататын басты белгілердің бірі болып
табылады..
Birincil Dil | Rusça |
---|---|
Bölüm | Makaleler |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 15 Mayıs 2016 |
Gönderilme Tarihi | 10 Nisan 2016 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2016 |
Avrasyad''de yayınlanan makaleler, Creative Commons Atıf-Gayriticari 4.0 Uluslararası Lisansı (CC BY-NC 4.0) ile lisanslanmıştır. Bilimsel araştırmaları kamuya ücretsiz sunmanın bilginin küresel paylaşımını artıracağı ilkesini benimseyen dergi, tüm içeriğine anında açık erişim sağlamaktadır. Makalelerdeki fikir ve görüşlerin sorumluluğu sadece yazarlarına ait olup Avrasyad''nin görüşlerini yansıtmazlar. Kullanım Şartları ve Gizlilik Politikası