Қазіргі таңда қазақ тіл білімінде мақал-мәтелдерді зерттеу үш кезеңге бөліп қарастырылуда, мақалада үшінші кезеңдегі мақал-мәтелдерді зерттеудің негізгі үш: этнолингвистикалық; салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдениеттану және гендерлік лингвистика бағыттарына назар аударылады. ХХ ғасырдың соңы ХХІ ғасырдың басында жарияланған отандық және ағылшын тілді шетелдік зерттеулерге паремиология мәселелері бойынша репродуктивті сипаттамалық-аналитикалық шолу жасалады. Мақалада заманауи отандық және шетелдік паремиологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары анықталды, болашақ зерттеу бағыттары ұсынылады.
мақал-мәтелдер паремиологиялық зерттеулер этнолингвистика салыстырмалы салғастырмалы лингвомәдениеттану зерттеу бағыттары
| Primary Language | Turkish |
|---|---|
| Subjects | Turkish Folklore |
| Journal Section | Research Article |
| Authors | |
| Publication Date | June 25, 2022 |
| IZ | https://izlik.org/JA63JU43WN |
| Published in Issue | Year 2022 Issue: 110 |