Research Article

МИСТИКА ЖАНРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖҮЙЕСІ

Number: 120 December 26, 2024
EN KK TR RU

МИСТИКА ЖАНРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖҮЙЕСІ

Abstract

Мистика жанрындағы кейіпкерлер жүйесі баяндаудың тереңдігі мен әсерін анықтайтын, жанрдың өзіне тән ерекшелігін айғақтайтын негізгі элемент болып табылады. Өйткені кейіпкерлер арқылы мистикалық баяндауға тән негізгі тақырыптар, мотивтер, символдар ашыла түседі. Зерттеу жұмысының мақсаты – кейіпкерлердің мистикалық әдебиеттегі рөлін, олардың қызметі мен жанрдағы қалыптасу эволюциясын талдауға бағытталған. Зерттеуде мистикалық жанрдағы кейіпкерлердің типологиясының даму кезеңдерін фольклормен және өзге әдеби жанрларман әрекеттесу, мекеншақ, наным, дүниетаным және түрлі мәдениеттер аспектісінде қарастыру міндеттері жүзеге асырылады. Сонымен қатар, мистикалық әдебиеттегі архетиптік бейнелер жүйеленіп, олардың қазіргі мәтіндердегі өзгерістері талданады. Жанрлық ерекшеліктердің қалыптасуына ықпал ететін кейіпкерлер мен сюжеттік құрылымдардың өзара әрекеттесу ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу классикалық әдебиеттану тәсілдері және салыстырмалы-типологиялық, мәдени-тарихи және семиотикалық талдау әдістері негізінде жүзеге асады. Зерттеу нәтижесінде «елес», «пері», «перизат» «албасты», «марту», «құбылған», «қансорғыш» сияқты мистикалық жанрдағы кейіпкерлердің негізгі түрлерінің тек сюжеттік аясындағы ғана емес, сонымен бірге мәдени-тарихи контекст аясындағы типологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Бұл зерттеу кейіпкерлер жүйесін саралау арқылы мистика типологиясын терең түсінуге, жанр теориясының жан-жақты зерделенуіне ықпал етеді. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы әдебиеттегі, атап айтқанда мистикадағы жанрлық құрылымдардың қалыптасу механизмдерін терең түсінуде жатыр. Жұмыстың практикалық маңыздылығы оның тұжырымдарын мистика жанрында жаңа әдеби шығармалар жасауда, сондай-ақ әдебиеттану курсын оқытуда қолдануға болады.

Keywords

Supporting Institution

Мақала BR21882298 (ПЦФ 23-25)Қазақстан әдебиеттануы мен өнертануы әлемдік гуманитарлық білімнің тұжырымдамалық эволюциясы аясында» жобасы аясында шығарылды.

References

  1. Альмуханова, Р. (2009). Қазақ фольклорындағы антикалық сарындар». Алматы: Арыс.
  2. Ауесбаева, П. (2009). Ертегі сюжетіндегі негізгі мотив мәні, Ақиқат. № 9, 61-64 б.
  3. Әсемқұлов, Т. (2016). Шығармалары. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, Т.2: Проза, Киноромандар.
  4. Әуезов, М. (2004). “Эпос и фольклор казахского народа”, Кітапта. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 14-т. – Алматы: Жібек жолы.
  5. Бабалар сөзі: Жүзтомдық (2011). Астана: Фолиант, Т. 74: Қиял-ғажайып ертегілер.
  6. Бабалар сөзі: Жүзтомдық (2006). Астана: Фолиант, Т. 39: Батырлар жыры.
  7. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың дәстүрлі жүйесі (2014). Энциклопедия, 5-том. (Құраст. Н. Әлімбай). Алматы
  8. Қасқабасов, С. (2014). Таңдамалы. Астана: Фолиант.

Details

Primary Language

Kazakh

Subjects

Modern Turkic Languages and Literatures (Other), Popular and Genre Literature

Journal Section

Research Article

Early Pub Date

December 20, 2024

Publication Date

December 26, 2024

Submission Date

August 31, 2024

Acceptance Date

November 13, 2024

Published in Issue

Year 2024 Number: 120

APA
Saulembek, G. (2024). МИСТИКА ЖАНРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖҮЙЕСІ. Türkoloji, 120, 107-125. https://doi.org/10.59358/ayt.1541306
AMA
1.Saulembek G. МИСТИКА ЖАНРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖҮЙЕСІ. Türkoloji. 2024;(120):107-125. doi:10.59358/ayt.1541306
Chicago
Saulembek, Gulmıra. 2024. “МИСТИКА ЖАНРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖҮЙЕСІ”. Türkoloji, nos. 120: 107-25. https://doi.org/10.59358/ayt.1541306.
EndNote
Saulembek G (December 1, 2024) МИСТИКА ЖАНРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖҮЙЕСІ. Türkoloji 120 107–125.
IEEE
[1]G. Saulembek, “МИСТИКА ЖАНРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖҮЙЕСІ”, Türkoloji, no. 120, pp. 107–125, Dec. 2024, doi: 10.59358/ayt.1541306.
ISNAD
Saulembek, Gulmıra. “МИСТИКА ЖАНРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖҮЙЕСІ”. Türkoloji. 120 (December 1, 2024): 107-125. https://doi.org/10.59358/ayt.1541306.
JAMA
1.Saulembek G. МИСТИКА ЖАНРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖҮЙЕСІ. Türkoloji. 2024;:107–125.
MLA
Saulembek, Gulmıra. “МИСТИКА ЖАНРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖҮЙЕСІ”. Türkoloji, no. 120, Dec. 2024, pp. 107-25, doi:10.59358/ayt.1541306.
Vancouver
1.Gulmıra Saulembek. МИСТИКА ЖАНРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖҮЙЕСІ. Türkoloji. 2024 Dec. 1;(120):107-25. doi:10.59358/ayt.1541306