Research Article

“DÜRRÜʾL-ʿACĀYİB” ЖӘНЕ “RĀZRĀZNAMA” НЕГІЗІНДЕ АРАБ ГРАФИКАЛЫ ШЫҒЫС МӘТІНДЕРІН ОҚУ МӘСЕЛЕСІ

Number: 121 March 21, 2025
TR RU EN KK

“DÜRRÜʾL-ʿACĀYİB” ЖӘНЕ “RĀZRĀZNAMA” НЕГІЗІНДЕ АРАБ ГРАФИКАЛЫ ШЫҒЫС МӘТІНДЕРІН ОҚУ МӘСЕЛЕСІ

Abstract

Орталық Азия территориясында араб әрпімен жазылған түркі тіліндегі еңбектер көптеп кездеседі. Себебі түркі халықтары Қарахандықтар кезеңінен бастап ХХ ғасырдың басына дейін аталмыш графиканы қолданып келді. Осы кезеңде жазылған түркі тіліндегі шығармалардың көбі діни бағытта. Десе де тарих, медицина, астрономия және басқа да салаларда жазылған мәтіндерді кездестіруге болады. Табылып жатқан мәтіндер зерттеушілер тарапынан зерттеліп, ғылыми айналымға түсуде. Кеңес дәуірінде араб графикалы мәтіндерді зерттеу мәселесі кенжелеп қалғандығы мәлім. Сол кезеңде жарияланған ортағасырлық мәтіндерге қарап, оқитын мамандардың да тапшы болғандығын байқауға болады. Ал тәуелсіздіктен кейін жалпы араб графикалы мәтіндерді зерттеу мәселесі түпкілікті қолға алына бастады. Маман тапшылығы да азайып, түпнұсқа мәтіндерді оқу қарқынды жүріп келе жатыр. Ендігі мәселе осы мәтіндерді дұрыс оқып, аудару, оқырманға дұрыс жеткізу сонымен қатар зерттеушіге қойылатын талаптардың орындалуы болмақ. Осы мақсатта мақалада соңғы классикалық шағатай тілінің тілдік ерекшеліктерін көрсететін “Dürrüʾl-ʿacāyib” және “Rāzrāznama” атты түркі тіліндегі қолжазбалары негізінде араб графикалы шығыс мәтіндерінің дұрыс оқылуы мәселелері қарастырылады. “Dürrüʾl-ʿacāyib” (“Ғажайыптар маржаны”) қолжазбасы – хадистер жинағынан тұрады. Жазылу тарихы белгісіз болғанымен қолжазбаның атауы алғашқы беттерде мәтін ішінде беріледі. 135 парақтан (270 бет) тұрады. “Rāzrāznama” (“Құпия кітап”) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының сирек қолжазбалар қорында 119 a нөмірінде сақталған. Аталмыш кітап діни мазмұнға ие, мәтінде харакат қолданылмаған.

Keywords

References

  1. Аргуншах, М., & Йүксеккайа, С. (2015). Қараханлыша, Харезмше Қыпшақша Дәрістері. Ыстанбул: Кесит.
  2. Габайн, В. (1988). Ескі Түркі Тілі Грамматикасы. (Ауд.: Мехмет Акалын). Анкара: Түрік тілі ұйымы.
  3. Девели, Х. (2019). Османлы Түрік Тілі Нұсқаулығы I. Ыстанбул: Кесит.
  4. Денизер, Ф. (2007). Тарихи Мәтіндерді Аудару Мәселелері: Деде Қорқыт Оғызнамалары Мен Түркия Түрік Тілінде Жасалған Аудармаларға Сөздік Деңгейінде Талдау. (Жарияланбаған магистрлік диссертация). Мұғла Сытқы Кочман университеті / Әлеуметтік ғылымдар институты, Мұғла.
  5. Дурукоғлу, Г. (2022). Дивану Лұғати ат-түрік бойынша 11-ғасыр түрік тілі грамматикасы,(Жарияланбаған докторлық диссертация). Фырат университеті / Әлеуметтік ғылымдар институты, Элағыз.
  6. Ислам қолжазбалары зерттелуі тиіс. (2018). Егемен Қазақстан.
  7. Кабадайы, О., & Шадкам, З. (2021). Қазақстан (Алматы) Ұлттық Кітапханасындағы Араб Әріптерімен Жазылған Түркі Тіліндегі Сирек Шығармалар Каталогы. Алматы: Қожа Ахмет Ясауи университеті Евразия зерттеу институты.
  8. Керімұлы, Ә., & Мұстафа, А. (2012). Құтадғу Білік Жәдігерінің Зерттелуі Мен Тілі Туралы Қысқаша Мәліметтер. Түркология, (4), 31-51.

Details

Primary Language

Kazakh

Subjects

Historical North East Turkish Language (Khwarezm, Kipchak, Chagatai)

Journal Section

Research Article

Early Pub Date

March 19, 2025

Publication Date

March 21, 2025

Submission Date

January 20, 2025

Acceptance Date

March 12, 2025

Published in Issue

Year 2025 Number: 121

APA
Sultanbek, K., Uğurlu, M., & Bilalova, D. (2025). “DÜRRÜʾL-ʿACĀYİB” ЖӘНЕ “RĀZRĀZNAMA” НЕГІЗІНДЕ АРАБ ГРАФИКАЛЫ ШЫҒЫС МӘТІНДЕРІН ОҚУ МӘСЕЛЕСІ. Türkoloji, 121, 103-124. https://doi.org/10.59358/ayt.1621701
AMA
1.Sultanbek K, Uğurlu M, Bilalova D. “DÜRRÜʾL-ʿACĀYİB” ЖӘНЕ “RĀZRĀZNAMA” НЕГІЗІНДЕ АРАБ ГРАФИКАЛЫ ШЫҒЫС МӘТІНДЕРІН ОҚУ МӘСЕЛЕСІ. Türkoloji. 2025;(121):103-124. doi:10.59358/ayt.1621701
Chicago
Sultanbek, Kutlugjon, Mustafa Uğurlu, and Dameli Bilalova. 2025. ““DÜRRÜʾL-ʿACĀYİB” ЖӘНЕ ‘RĀZRĀZNAMA’ НЕГІЗІНДЕ АРАБ ГРАФИКАЛЫ ШЫҒЫС МӘТІНДЕРІН ОҚУ МӘСЕЛЕСІ”. Türkoloji, nos. 121: 103-24. https://doi.org/10.59358/ayt.1621701.
EndNote
Sultanbek K, Uğurlu M, Bilalova D (March 1, 2025) “DÜRRÜʾL-ʿACĀYİB” ЖӘНЕ “RĀZRĀZNAMA” НЕГІЗІНДЕ АРАБ ГРАФИКАЛЫ ШЫҒЫС МӘТІНДЕРІН ОҚУ МӘСЕЛЕСІ. Türkoloji 121 103–124.
IEEE
[1]K. Sultanbek, M. Uğurlu, and D. Bilalova, ““DÜRRÜʾL-ʿACĀYİB” ЖӘНЕ ‘RĀZRĀZNAMA’ НЕГІЗІНДЕ АРАБ ГРАФИКАЛЫ ШЫҒЫС МӘТІНДЕРІН ОҚУ МӘСЕЛЕСІ”, Türkoloji, no. 121, pp. 103–124, Mar. 2025, doi: 10.59358/ayt.1621701.
ISNAD
Sultanbek, Kutlugjon - Uğurlu, Mustafa - Bilalova, Dameli. ““DÜRRÜʾL-ʿACĀYİB” ЖӘНЕ ‘RĀZRĀZNAMA’ НЕГІЗІНДЕ АРАБ ГРАФИКАЛЫ ШЫҒЫС МӘТІНДЕРІН ОҚУ МӘСЕЛЕСІ”. Türkoloji. 121 (March 1, 2025): 103-124. https://doi.org/10.59358/ayt.1621701.
JAMA
1.Sultanbek K, Uğurlu M, Bilalova D. “DÜRRÜʾL-ʿACĀYİB” ЖӘНЕ “RĀZRĀZNAMA” НЕГІЗІНДЕ АРАБ ГРАФИКАЛЫ ШЫҒЫС МӘТІНДЕРІН ОҚУ МӘСЕЛЕСІ. Türkoloji. 2025;:103–124.
MLA
Sultanbek, Kutlugjon, et al. ““DÜRRÜʾL-ʿACĀYİB” ЖӘНЕ ‘RĀZRĀZNAMA’ НЕГІЗІНДЕ АРАБ ГРАФИКАЛЫ ШЫҒЫС МӘТІНДЕРІН ОҚУ МӘСЕЛЕСІ”. Türkoloji, no. 121, Mar. 2025, pp. 103-24, doi:10.59358/ayt.1621701.
Vancouver
1.Kutlugjon Sultanbek, Mustafa Uğurlu, Dameli Bilalova. “DÜRRÜʾL-ʿACĀYİB” ЖӘНЕ “RĀZRĀZNAMA” НЕГІЗІНДЕ АРАБ ГРАФИКАЛЫ ШЫҒЫС МӘТІНДЕРІН ОҚУ МӘСЕЛЕСІ. Türkoloji. 2025 Mar. 1;(121):103-24. doi:10.59358/ayt.1621701