Ғылыми мақалада қазақ әдебиетінде өзіндік орны, қолтаңбасы бар, мол ізденетін, шығармашылық деңгейі жоғары қаламгерлердің бірі Төлен Әбдіковтің шығармаларындағы психологизмді ерекшелей отыра, оны оқытудың әдістері қарастырылады. Оның шығармаларының бәрі дерлік тұңғиыққа, экзистенцияға, жаңа пайымға толы. Сол терең шығармалары арқылы ұлтымыздың тілі мен дәстүрін, мінезі мен табиғи қасиеттерін көрсетуге, адам болмысының сан қатпарлы құпияларын ашуға ұмтылады. Жазушы қазақ әдебиетіндегі “қос тұлғалылық”, “жатсыну” теорияларын жаңа тұрғыдан, жаңа қырынан прозалық шығармалары арқылы дамыта түсті. Сонымен қатар, мақалада жаңа қырлы шығармаларын жоғары оқу орнында оқытудың әдістерін талқыланып, сараланады.
Birincil Dil | Türkçe |
---|---|
Bölüm | Makaleler |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 1 Nisan 2021 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2021 Cilt: 4 Sayı: 2 |