Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі терең дифференциация бірыңғай әлеуметтік-экономикалық кеңістіктің ыдырауына және экономикалық және әлеуметтік құрылымдарда аумақтық сәйкессіздіктердің пайда болуына әкеледі, бұл тек өңірлік ғана емес, сонымен бірге ұлттық шаруашылықтың жұмыс істеу тиімділігінің төмендеуін білдіреді. Аумақтық әлеуметтік-экономикалық диспропорция бірқатар жағымсыз салдарлармен бірге жүретіндіктен, оларды жеңу әлемнің елдері мен өңірлеріндегі мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты ретінде анықталады. Сондықтан, мақаланың мақсаты –Қазақстан Республикасының өңірлік дамуындағы экономикалық сәйкессіздіктерді талдау және оларды жеңу жолдарын қарастыру.
Primary Language | Turkish |
---|---|
Journal Section | Articles |
Authors | |
Publication Date | January 31, 2022 |
Published in Issue | Year 2022 Volume: 5 Issue: 1 |