Мақалада Орта Азияның көрнекті философы, сопылық ақын және ислам уағызшысы Ахмед Ясауидің өмірі және рухани мұралары «Диуани хикмет», «Пақырнама», «Көңілдің айнасы», «Тариқат әдебі туралы баян» шығармалары мен аңыздары кемелдікке жеткізер қағидалары, діни-сопылық принциптермен қатар оқыту, білім беру, адалдық, ізгілік, жақсылық, жамандық, төзімділік, достық пен сүйіспеншілікті құрметтеу, әділеттілікті насихаттағаны туралы сөз болады.
Ахмет Ясауидің ілімі мен мұралары қаншама заман өтсе де, мәнін жоймай келе жатқан қазына. Әсіресе Ясауи бабаның «Диуани хикметі» Алтайдан Анадолыға дейінгі кең-байтақ өлкеде тіршілік ететін түркілер арасына кең тарап, олардың өмір салтының, салт-дәстүрінің, әдет-ғұрпының, құндылықтарының ажырамас бір бөлшегін құрады. Хикметтер мың жылға жуық уақыт бойы көшпелі және отырықшы халықтардың дінін, тілі мен ділін моральдық, этикалық, психологиялық негізде қарастырылуда.
Түркістан өңірінен түлеп шыққан сан түрлі ұлыстың бастан кешірген қилы тағдыры Әзірет Сұлтанның өшпес өнегелерімен бірге өрілген. Ұлан-ғайыр тарих жазығына көз салған әр адамның назарына, ең алдымен, елдің өткені мен бүгініне, келешегіне өң берген тау тұлғалар мен олардың өрнекті-ғибратты істері ілінері анық. Тіл, мәдениет, әдебиет, өнер, руханият, тәлім-тәрбие, мемлекет ісі сияқты салаларда Түркі пірінің қолтаңбасы жатыр. Ол ежелгі әдеби, мәдени дәстүрді Құран рухында қайта жаңғыртып, діни-рухани насихаттар шоғырына айналдырды.
«Сопылық - адамның рухани, бейбітшілік, жанның тазаруы арқылы Құдайға жақындау мәселелерімен айналысатын ілім. Қожа Ахмет Ясауи сопылықтың төрт кезеңін: сопылық Шейхтегі мурид рөліне мойынсыну; шариғат - Құдайдың өсиеттері мен ислам заңдарының жиынтығы; Құдайды ақылмен емес, жүрекпен білу; және ақиқат – шындықты толық түсіну» ұсынып, уағыздайды.
Қожа Ахмед Ясауи Түркістан ислам дәстүрі сопылық рухани мәдениет дүниетаным хикмет өрнекті-ғибратты істері философиялық толғау ойшылдық.
Birincil Dil | Türkçe |
---|---|
Konular | Çağdaş Türk Lehçeleri ve Edebiyatları (Diğer) |
Bölüm | Makaleler |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 24 Ocak 2025 |
Gönderilme Tarihi | 3 Aralık 2024 |
Kabul Tarihi | 20 Ocak 2025 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2025 Cilt: 8 Sayı: 1 |