Araştırma Makalesi

БОДЖМАН ҚАҒАН ҰЛДАРЫ МЕН ІНІСІ ІСТЕМІНІҢ ТҮРКІ ТЕКТІ ЕСІМДЕРІНІҢ КҮЛТЕГІН ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ТАҢБАЛАНУЫ

Sayı: 67 20 Haziran 2014
  • Orynbai Bekzhan
PDF İndir
KK EN

БОДЖМАН ҚАҒАН ҰЛДАРЫ МЕН ІНІСІ ІСТЕМІНІҢ ТҮРКІ ТЕКТІ ЕСІМДЕРІНІҢ КҮЛТЕГІН ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ТАҢБАЛАНУЫ

Öz

Көктүрік қағанатын құрған Бумын-Боджман қаған және оның інісі Істемінің есімі Күлтегін ескерткішінде жазылып қалғаны белгілі. Сонымен бірге бұл есімдер ежелгі қытай жазбаларында да хатталған. Онда олардан кейін билік құрған ұрпақтарының да есімдері туралы дерек келтіріледі. Ол деректе Істемі аты Сідиәнми болып айтылғаны нақты көрсетілген. Күлтегін ескерткішіндегі жазуды зерттегенде Істемі есімінің күрделі графемамен, Істенмән болып жазылғаны анықталды. Бұл есіммен қоса Боджман қағанның ұлдарының есімдері де жазылғаны мәлім болып отыр. Бұл есімдер қытай жазбаларындағы есімдермен және шежірелік деректермен салыстырылып зерттелді. Бұрынғы зерттеушілер көктүрік жазбаларындағы бұл мәліметтерді толық оқи алмаған. Соның нәтижесінде қытай жазбаларында жазылған «Боджман қағаннан кейін оның үлкен ұлы Исиги Коло қаған болды» деген мәліметке күдік туды. Жазушы-зерттеуші Қ. Салғараұлы осындай қате деректерге сүйеніп: «Боджман қағанның үлкен ұлы өмірде болмаған, оның Исиги атты есімі Істемі атауын білдіреді, сондықтан Істемі-Істенмән Боджман қағаннан соң бес-алты ай қаған болып, қайтыс болып кеткен» деген болжам ұсынады. Сөйтіп Қ. Салғараұлы екі тарихи деректі: 1) Боджман қағаннан кейін оның үлкен ұлы Исиги Коло қаған болды; 2) Істенмән жабғу болып, 576 жылы қайтыс болды; деген деректі жоққа шығарған. Бұл жұмыста халықтық шежіре мен көктүрік және қытай жазба деректері салыстырыла отырып, Исиги Колоның өмірде болғаны және оның Боджман қағаннан кейін қаған болғаны дәлелденеді. Бұларға қосымша Боджман қағанның Алпамыс батырдың прототипі екені және Істемі-Істенмәннің де ерте заманда жырдың кейіпкері болғаны, оның «Манас» жырында Семетей атымен сақталып қалғаны туралы дәлелдер келтіріледі. Күлтегін ескерткішінде Көктүрік қағанатын құрған кісілерден тек Боджман қаған мен Істенмән жабғының аттары ғана жазылмаған. Істенмән жабғымен бірге күрделі графема арқылы Боджман қағаннан кейін қаған болған ұлдары Қозұққұл, Мәукүн, Тонқ бег қағандардың және Арслан бег йұғұрұчтың есімдері де жазылған. Мақалада бұлармен бірге жазба деректердегі Боджман қаған ұлдарының есімдерінің қазақ ұлтының шежірелік деректеріндегі Божбан атаның ұлдарының есімдерімен сәйкес келетіні тілдік дәлелдер арқылы дәйектеледі.

Anahtar Kelimeler

Kaynakça

  1. Байчоров С.Я. (1989) «Древнетюркские рунические памятники Европы». Ставрополь, С. 79, 81, 86.
  2. Бекжан О. (2010). «Көктүрік қағанаты». Жалын, № 12, 74-80-бб. (желтоқсан).
  3. Бекжан О. (2011). «Көне түркі күл жазуындағы белгісіз екінші кірігіңкі дауыссыздардың мағынасы мен таңбасы». Түркология, № 3, 13-б.
  4. Бичурин Н.Я. (1998). «Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена». І т. Алматы, ТОО «Жалын» баспасы, 294-299-бб.
  5. Гумилев Л.Н. (1993). «Древние тюрки». Москва, С. 464.
  6. Гумилев Л.Н.( 2004). «Древние тюрки». Москва, С. 65-67.
  7. Жирмунский В.М. (1995). «Введение в изучение эпоса «Манас».
  8. Энциклопедический феномен эпоса «Манас». Бишкек, С. 133.

Ayrıntılar

Birincil Dil

Kazakça

Konular

Dilbilim

Bölüm

Araştırma Makalesi

Yazarlar

Orynbai Bekzhan Bu kişi benim
Kazakhstan

Yayımlanma Tarihi

20 Haziran 2014

Gönderilme Tarihi

20 Haziran 2014

Kabul Tarihi

-

Yayımlandığı Sayı

Yıl 2014 Sayı: 67

Kaynak Göster

APA
Bekzhan, O. (2014). БОДЖМАН ҚАҒАН ҰЛДАРЫ МЕН ІНІСІ ІСТЕМІНІҢ ТҮРКІ ТЕКТІ ЕСІМДЕРІНІҢ КҮЛТЕГІН ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ТАҢБАЛАНУЫ. Türkoloji, 67, 46-57. https://izlik.org/JA75KZ57XL
AMA
1.Bekzhan O. БОДЖМАН ҚАҒАН ҰЛДАРЫ МЕН ІНІСІ ІСТЕМІНІҢ ТҮРКІ ТЕКТІ ЕСІМДЕРІНІҢ КҮЛТЕГІН ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ТАҢБАЛАНУЫ. Türkoloji. 2014;(67):46-57. https://izlik.org/JA75KZ57XL
Chicago
Bekzhan, Orynbai. 2014. “БОДЖМАН ҚАҒАН ҰЛДАРЫ МЕН ІНІСІ ІСТЕМІНІҢ ТҮРКІ ТЕКТІ ЕСІМДЕРІНІҢ КҮЛТЕГІН ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ТАҢБАЛАНУЫ”. Türkoloji, sy 67: 46-57. https://izlik.org/JA75KZ57XL.
EndNote
Bekzhan O (01 Haziran 2014) БОДЖМАН ҚАҒАН ҰЛДАРЫ МЕН ІНІСІ ІСТЕМІНІҢ ТҮРКІ ТЕКТІ ЕСІМДЕРІНІҢ КҮЛТЕГІН ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ТАҢБАЛАНУЫ. Türkoloji 67 46–57.
IEEE
[1]O. Bekzhan, “БОДЖМАН ҚАҒАН ҰЛДАРЫ МЕН ІНІСІ ІСТЕМІНІҢ ТҮРКІ ТЕКТІ ЕСІМДЕРІНІҢ КҮЛТЕГІН ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ТАҢБАЛАНУЫ”, Türkoloji, sy 67, ss. 46–57, Haz. 2014, [çevrimiçi]. Erişim adresi: https://izlik.org/JA75KZ57XL
ISNAD
Bekzhan, Orynbai. “БОДЖМАН ҚАҒАН ҰЛДАРЫ МЕН ІНІСІ ІСТЕМІНІҢ ТҮРКІ ТЕКТІ ЕСІМДЕРІНІҢ КҮЛТЕГІН ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ТАҢБАЛАНУЫ”. Türkoloji. 67 (01 Haziran 2014): 46-57. https://izlik.org/JA75KZ57XL.
JAMA
1.Bekzhan O. БОДЖМАН ҚАҒАН ҰЛДАРЫ МЕН ІНІСІ ІСТЕМІНІҢ ТҮРКІ ТЕКТІ ЕСІМДЕРІНІҢ КҮЛТЕГІН ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ТАҢБАЛАНУЫ. Türkoloji. 2014;:46–57.
MLA
Bekzhan, Orynbai. “БОДЖМАН ҚАҒАН ҰЛДАРЫ МЕН ІНІСІ ІСТЕМІНІҢ ТҮРКІ ТЕКТІ ЕСІМДЕРІНІҢ КҮЛТЕГІН ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ТАҢБАЛАНУЫ”. Türkoloji, sy 67, Haziran 2014, ss. 46-57, https://izlik.org/JA75KZ57XL.
Vancouver
1.Orynbai Bekzhan. БОДЖМАН ҚАҒАН ҰЛДАРЫ МЕН ІНІСІ ІСТЕМІНІҢ ТҮРКІ ТЕКТІ ЕСІМДЕРІНІҢ КҮЛТЕГІН ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ТАҢБАЛАНУЫ. Türkoloji [Internet]. 01 Haziran 2014;(67):46-57. Erişim adresi: https://izlik.org/JA75KZ57XL