Araştırma Makalesi

КӨНЕТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ

Sayı: 67 20 Haziran 2014
  • T. Ensegenuly
PDF İndir
KK EN

КӨНЕТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ

Öz

Бұл мақалада көне түркі руна жазуы Қытай, Шумер жазуларының ізін ала жасалғандығы, ал, бұл тайпа пайдаланған сөздер түркі тілінде молынан кездесетіні, шумерлердің дәстүр-салты, нанымы және көктегі жаратушыға табынуы түркілермен етене туыстас екені арнайы зерттелініп, орнықты тұжырым жасалынады. Өйткені, шумерлер Орта Азиядан қоныс аударғанда өзімен бірге түркі жазуын және олардың наным-сенімін, дәстүрін ала кеткенін маман ғалымдар дәлелдеп берді. Екіншіден, түркі руна жазуының туып, қалыптасуына түркі және қазақ халқының ру-тайпаларының таңба-белгілері едәуір ықпал еткені осы еңбекте салыстырмалы түрде көрсетіліп, тиянақты тұжырым жасалынады. Мәселен, М. Қашқари, Ш. Құдайбердіұлы, Ә. Марғұлан жинаған көне түркі және қазақ тайпаларының таңба-белгілері түркі руна жазуына өте ұқсастығы бұлтартпас дәлел келтіріліп, айқындалды. Көне түркі руна жазуын оқып, сырын ашуға бұрын көне әрпі қалыптасқан, кейін басқа алфавитті игерген шетел ғалымдары белсене араласты. Мысалға, Копенгаген университетінің профессоры, осы көне түркі руна жазуын оқудың тұңғыш кілтін тапқан В.Томсен осындай мақсатта болып, тасқа түсірілген жазуды оқуға зор ынтамен кірісті. Алайда ол Орхон мен Енисей жазбалары түркі мұрасы екенін білгеннен кейін де түркі алфавитінің шығу тегі арамей (парсы−арамей, соғды) жазуының ықпалымен, соған сүйеніп жасалған деген пікір білдірді. Басқа бір топ ғалымдар, атап айтқанда, Н.Аристов, А.Дж. Эмре, И.А. Батмановтар көне түркі жазуына өзге елдердің әріптік жазуының ешқандай қатысы жоқ, бұл алфавит түркі таңбаларының әсерімен, соған ұқсаған көне түркілердің төл жазуы деген тұжырым білдірді. Профессор С.Е.Малов Енисей жазбалары қырғыз халқының мұрасы екенін атап көрсетті. Бірақ нақты дәлел келтірмейді. Осы еңбекте көне түркі руна жазуы түркілердің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалғанын семиотека тәсілін пайдаланып, салыстырып зерттеп, орнықты тұжырым жасалынды. Бұл термин грек тілінде «белгі», «таңба» деген мағынаны білдіреді. Семиотека−жалпы таңбалар жүйесін саралайтын ғылым саласы. Қысқасы, көне түркі жазуының туып, қалыптасып, дамыған тұстарын үш кезеңге бөліп топтауға болады. Біріншісі, Сақ тайпалары бірігіп, дәуірлеген тұс. Екінші, Ғұн руна жазуы. Үшіншісі, қағандық дәуірдегі түркі жазуы.

Anahtar Kelimeler

Kaynakça

  1. Аманжолов А. (1996), Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы: Санат, 127б.
  2. Бахти А. (2002), Шумеры, скифы, казахи. Алматы: «Кочевники», , 215 с.
  3. Бекділдаұлы Ә. Зороатуштра // Қазақ батырлары 1998, № 1.
  4. Быков Ф.С.(1966), Зорождение общественно-политической и философской мысли в Китае. М: Наука, 240 с.
  5. Гумилев Л.Н. (1994), Көне түріктер. Алматы, Білім, 502 б.
  6. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Алматы: Қазақстан, 1991, 200 б.
  7. Қазақ Совет энциклопедиясы. (1977), Алматы: 10-том, , 650 б.
  8. Қашқари М. (1985), Түрік сөздігі. ІІІ-том. Алматы: Жазушы, 340 б.

Ayrıntılar

Birincil Dil

Kazakça

Konular

Dilbilim

Bölüm

Araştırma Makalesi

Yazarlar

T. Ensegenuly Bu kişi benim
Kazakhstan

Yayımlanma Tarihi

20 Haziran 2014

Gönderilme Tarihi

20 Haziran 2014

Kabul Tarihi

-

Yayımlandığı Sayı

Yıl 2014 Sayı: 67

Kaynak Göster

APA
Ensegenuly, T. (2014). КӨНЕТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ. Türkoloji, 67, 76-89. https://izlik.org/JA27RU45BJ
AMA
1.Ensegenuly T. КӨНЕТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ. Türkoloji. 2014;(67):76-89. https://izlik.org/JA27RU45BJ
Chicago
Ensegenuly, T. 2014. “КӨНЕТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ”. Türkoloji, sy 67: 76-89. https://izlik.org/JA27RU45BJ.
EndNote
Ensegenuly T (01 Haziran 2014) КӨНЕТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ. Türkoloji 67 76–89.
IEEE
[1]T. Ensegenuly, “КӨНЕТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ”, Türkoloji, sy 67, ss. 76–89, Haz. 2014, [çevrimiçi]. Erişim adresi: https://izlik.org/JA27RU45BJ
ISNAD
Ensegenuly, T. “КӨНЕТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ”. Türkoloji. 67 (01 Haziran 2014): 76-89. https://izlik.org/JA27RU45BJ.
JAMA
1.Ensegenuly T. КӨНЕТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ. Türkoloji. 2014;:76–89.
MLA
Ensegenuly, T. “КӨНЕТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ”. Türkoloji, sy 67, Haziran 2014, ss. 76-89, https://izlik.org/JA27RU45BJ.
Vancouver
1.T. Ensegenuly. КӨНЕТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ. Türkoloji [Internet]. 01 Haziran 2014;(67):76-89. Erişim adresi: https://izlik.org/JA27RU45BJ