ХХ ғасырдағы белгілі филолог-ғалым Ы.Т.Дүйсенбаев әдебиет тарихына арналған еңбектерінен бөлек ұлттық фольклорымызға қатысты зерттеулерімен де танымал. Ол отандық фольклортану тарихында алғаш болып «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» эпосына арналған ғылыми басылымды дайындап, жарыққа шығарды. Ы. Дүйсенбаев үздіксіз іздестіру жұмыстарының нәтижесінде аталған эпостың ең көне нұсқаларын (1834, 1841, 1864) тауып, зерттеді және ғылыми айналымға енгізді. Осы ғылыми басылымды дайындау барысында өлмес мұрамыздың нұсқалары мен версияларына мәтінтанулық салыстыру-салғастыру жұмыстарын жүргізді.
Ғалымның 1973 жылы жарық көрген «Қазақтың лиро-эпосы» атты монографиялық зерттеуі қазақ эпостануына қосылған қомақты үлес болып табылады.
A prominent scientist-philologist of the twentieth century I. T. Duisenbaev, in addition to works on the history of literature, is known also for his works on the national folklore. He prepared and published the first in national folklore a scientific publication, devoted to the epos "Kozy Korpesh – Bayan Sulu". As a result of hard work resistance he sought out, studied and introduced into scientific circulation the earliest recorded epos (1834, 1841, 1864). In the process of preparing scientific publications, he spent a large amount of textual works on the comparative study of variants and versions of the immortal folk of the monument.
A significant contribution to the Kazakh epos studies is his monographic study "Kazakh lyric-epos" released in 1973.
Birincil Dil | Kazakça |
---|---|
Konular | Türk Halk Bilimi |
Bölüm | Araştırma Makaleleri |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 24 Ağustos 2017 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2017 Sayı: 84 |