Жалпыадамзаттық өркениеттегі түркі өркениетінің алатын орны туралы мәселе көптеген отандық және шетелдік мәдениеттанушы ғалымдардың зерттеулеріне арқау болғаны белгілі. Олардың еңбектерінде қазіргі түркі халықтарының этникалық мәдениеттерінің бастау-арналарын көне түркі және орта түркі дәуірлерінен іздестірудің, қазіргі түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеттерін өзара салыстыра зерттей отырып, олардағы ортақтықтар мен өзіндік ерекшеліктерді айқындаудың өзектілігіне ерекше мән беріледі. Бұл мәселелер әлемдік жаһандану үдерісінде түркі әлемінің рухани-мәдени тұтастығын сақтап қалуды қажет етіп отырған қазіргі заман үшін де көкейкесті мәселе болып қала бермек. Осы орайда қазіргі түркі халықтарының дәстүрлі киім үлгілерін түркілік мәдениеттің құрамдас бөлігі тұрғысынан «Мәдениет: Тіл: Қоғам» үштігі контексінде пәнаралық деңгейде зерттеудің маңызы зор. Мақалада түркілердің киім үлгілерінің ішінен семантикалық статусы жоғары бас киім және оның құс қауырсынының асыл тастармен араластырып сәнделуі, сондай-ақ киімдердің жағасына, өңіріне, етек-жеңіне, белбеуге, т.б. салынатын ою-өрнектер түркілердің дүние бейнесінің мифологиялық-діни және эстетикалық-символикалық фрагменттеріне қарай жетелейтін мәдени кодтар тұрғысынан сараланады.
Түркілік ортақ мәдениет Түркілердің дәстүрлі киім үлгілері түркілік дүниетаным Мәдени дүние бейнесі Киімнің сәндік-эстетикалық семантикасы Ою-өрнек өнері Киім өрнектеріндегі түркілік ортақтық
It is well-known that the question of the place of Turkic civilization in the whole world civilization has been studied by scientists of many national and foreign culturologists.
In their works, special attention is paid to the search of the origins of the ethnic cultures of modern Turkic peoples in the ancient Turkic and Middle Turkic epochs, comparative study of the traditional cultures of modern Turkic peoples and the relevance of identities and peculiarities in them.
These issues remain a vital issue for the contemporary world, which requires preservation of the spiritual and cultural integrity of the Turkic world during the
globalization process. In this context, it is important to study traditional samples of traditional Turkic peoples from the point of view of the Turkish culture in the context of the trilogy "Culture: Language: Society".
In the article, among the samples of Turkic samples, the semantic status of high headdresses and the design of the bird hinged with its precious stones, as well as the coast, region, saddle, belt, etc. ornamental patterns are distinguished from the cultural codes point of view that lead to the mythological, religious and aesthetic-symbolic fragments of the Turkic world.
Turkic Common Culture Traditional Turkish Patterns Turkic Ideology Cultural Image Decorative-Aesthetic Semantics of Apparel Ornament Art Turkish Commonwealth in Apparel
Birincil Dil | Kazakça |
---|---|
Bölüm | Araştırma Makaleleri |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 24 Ağustos 2017 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2017 Sayı: 84 |