ХIХ ғ. екінші жартысында Оңтүстік Қазақстан өңірінде, оның ішінде Сырдарияның орта ағысында орналасқан археологиялық ескерткіштерін зерттеу жұмыстары орталықта орналасқан (Санкт-Петербург, Мәскеу және т.б.) ғылыми ұйымдар тарапынан атқарылған болса, 1895 жылдан бастап осы өңірде орналасқан ескерткіштерді есепке алу, сипаттап жазу, топографиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу, өлшемдері мен жобаларын түсіру жұмыстарын Ташкент қаласында құрылған Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі атқарды.
Үйірме мүшелері Н.П.Остроумов, Е.Т.Смирнов, Н.Руднев, В.П.Колосовский, П.А.Комаров, А.А.Черкасов, А.К.Кларе және т.б. Сырдарияның орта ағысында орналасқан археологиялық ескерткіштерін зерттеуге үлкен мән беріп, атқарған зерттеу нәтижелерін өз отырыстарында баяндап отырды. Баяндамалар, айтылған пікірлер, мәжіліс қорытындылары үйірменің арнайы жинақтарында орын алды.
Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі мүшелерінің еңбектері ғылыми әдебиетте кеңінен кездескенімен, олар негізінен анықтама ретінде қарастырылып, олар атқарған ауқымды ізденіс жұмыстары жайлы зерттеулер жоқтың қасы болып отыр.
Бұл мақалада біз Археология әуесқойлары Түркістан үйірмесі мүшелерінің Сырдарияның орта ағысында орналасқан ескерткіштерінде жүргізілген зерттеу жұмыстарын қарастырамыз.
This article discusses the history of the study of archaeological monuments of the middle reaches of the Syrdarya and the adjacent territory of a Member of the Turkestan mug lovers of archeology.
Birincil Dil | Kazakça |
---|---|
Konular | Arkeoloji |
Bölüm | Araştırma Makaleleri |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 24 Şubat 2015 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2015 Sayı: 69 |