Мақалада патшалық Ресейдің ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басында Түркістан өлкесіне қарасты қазақтар орналасқан Сырдария және Жетісу облыстарын отарлау және мұнда орнығу мақсатында жүргізген қоныс аудару саясатының барысы зерделенеді. Отарлық биліктің орыс шаруаларын өлкенің қожайыны ету үшін оларға түрлі артықшылықтар берумен қатар егінге қолайлы, оңтүстік өлкеде онсыз да тапшы құнарлы жерлерді қоныс аудару қорына алынуы зерттеледі. Өлкені басқару Ережесіне сәйкес көшпенді деп есептеп бұл уақытта отырықшы тұрмысқа өтіп, егін салып күн көріп отырған қазақ отбасыларына қарасты жерлердің тартып алынуы, қазақтардың орныққан жерлерінен шөл және шөлейт жерлерге қуылуы, немесе иелігіне бөліп берілген жерлерді игере алмаған орыс-казактарынан жалға жер алып күн бағуы, басқа ұлт өкілдеріне қарағанда үкіметтің бұл саясатынан қазақ шаруашылықтары көбірек зардап шекккендігі сараланады.
The article discusses the resettlement policy of tsarist Russia held inhabited by Kazakhs Syrdarian and Jetisyareas in Turkestan region.To make immigrants from the owner of the territory, the colonial authorities were selected from the local population suitable to agriculture land. As in the South of the fertile land was scarce, on the basis of the Position of the control edge of the local authorities were to take the Fund for the resettlement of the land of nomads. At this time in the South of the Kazakh economy were no longer nomads and were engaged in farming. On the Status Kazakhs were considered nomads, and therefore were selected exactly the Kazakh lands.Forced redistribution arable, irrigated and friendlyagriculture land in favor of Russian villages bad affected the state economy Kazakhs.And the Kazakhs forced were move from their homes in desert and semi-desert or remaining to live there has leased the land from the Russian Cossacks who were unable to master.
Birincil Dil | Kazakça |
---|---|
Bölüm | Araştırma Makaleleri |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 24 Nisan 2015 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2015 Sayı: 70 |