Araştırma Makalesi

Көне ұйғыр және қазіргі қазақ тілдерін құрылымдық тұрғыдан салыстыру («Бүгү Қағанның манихейзмді қабылдауы» атты көне ұйғыр тіліндегі мәтін негізінде)

Cilt: 5 Sayı: 1 30 Haziran 2023
PDF İndir
TR EN

Көне ұйғыр және қазіргі қазақ тілдерін құрылымдық тұрғыдан салыстыру («Бүгү Қағанның манихейзмді қабылдауы» атты көне ұйғыр тіліндегі мәтін негізінде)

Öz

Мақалада көне ұйғыр тілі мен қазіргі қазақ тілі грамматикалық тұрғыдан (грамматикалық талдау жасау негізінде) салыстырыла қарастырылды. Көне ұйғыр тілі - басқа түркі тілдері сияқты қазіргі қазақ тілінің де шығу тегі болып табылатын көне түркі тілінің бір тармағы. Мақаланы жазудағы мақсат – Қазақстандағы түркология ғылымының ең аз зерттелген бөлігі көне ұйғыр тілінің ерекшеліктерін қазақ тілінің грамматикасымен салыстыра отырып қарастыру, зерделеу. Мақаланы жазу барысында VIII – IX ғасырларда қолданылған көне ұйғыр тілі мен қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылымы (аз-кем айырмашылықтарын қоспағанда) бірдей екендігі ашып көрсетілді. Қазіргі қазақ тіліндегі түбір сөздер мен оларға жалғанатын қосымшалардың сол бастапқы, тарихи мағынасын жоғалтпаған қалпында қолданылатындығы зерделенді. Мысалдармен дәлелдеу мақсатында көне ұйғыр тіліндегі тұпнұсқа мәтіннен тұтас сөйлемдерді алып қазіргі қазақ тілінің стандарты негізінде грамматикалық тұрғыдан талдау жасалып берілді. Мақалада «Бүгү Қағанның манихейзмді қабылдауы» атты көне ұйғыр тілінде жазылған мәтіндегі сөздер пайдаланылды. Неміс – Тұрпан экспедициясы барысында табылған бұл мәтін қазіргі Моңғолия жеріндегі Ұйғыр хандығы заманында үшінші ұйғыр қағаны болған Бүгү Қаған (759-780) тұсында 762-763 жылдары манихейзм дінін қабылдаған уақыттарда жазылған. Біз пайдаланып отырған мәтін түрік ғалымы, түрколог Б. Өзбайдың еңбегінен алынған үзінді. Мәтіндегі сөздердің көпшілігінің бүгінгі қазақ тілінде аздаған өзгеріске ұшырап немесе мүлде өзгермей, сол қалпында қолданылуы қызығушылығымызды арттырғандықтан грамматикалық талдау жасап салыстыра қарастыру жөн саналды. Мақалада жүзге тарта сөз лексикалық тұрғыдан салыстырып, мүмкіндігінше талдап көрсетілді. Сондай - ақ, жұмысты жазу барысында қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры көне түркі сөздеріне бай екендігіне тағы да дәлелденді. Бұл мақала осы салаға ғылыми және практикалық үлес қосуды көздейді. Қазақ тілінің тарихы мен түркі тілдерінің тарихы бойынша оқу құралы ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, бұл еңбек түркология ғылымының қазақ ғылымы аз зерттелген салаларының бірі саналатын көне ұйғыр тілі саласындағы олқылықтың орнын толтыруға ықпал ететіндігімен де маңызды. Мақалада салыстырмалы және диахрондық салыстырмалы әдістер қолданылды.

Anahtar Kelimeler

Kaynakça

  1. Adebi jadigerler [Literary relics]. (2007) [Literary Monuments of Antiquity]. 20 volumes. Volume 1. Compiled by: Sh. Akhmetuly, A. Alibekuly, N. Bazylkhan, S. Korabai et al. -Almaty: "Taimas" publishing house. -504 p.
  2. Aidarov, G. (1991) Kone uygur jazba eskertkishterinin tili. [The language of ancient Uighur written monuments]. Almaty. in Kazakh
  3. Drevnetiurkskiy slovar’. (2016) D.M. Nasilov, I.V. Kormushin, A.V. Dybo, U.K. Isabekova and others. 2nd edition, revision. - Astana: "Yilm" publishing house, -760 c.
  4. Clark, Larry, (2000) “The convertion of Bügü Khan to Manicheizm”, Studia Manichaica IV. Internationaler Kongreß zum Manichaismus, ed. Ronald E. Emmerick, Werner Sundermann & Peter Zieme, Berlin 14.-18. July 1997, s. 83-124, Berlin.
  5. Clauson, Sir Gerard, (1972) An Etymological Dictionary of Pre-Thirteenth-Century Turkish. Oxford.
  6. Erdal, Marcel, (2004) A Grammar of Old Turkic. Leiden.
  7. Eren, Hasan. (1999) Turk Dilinin Etimolojik Sözlüğü. [Etymological Dictionary of Turkic], Ankara, Bizim Büro.
  8. Gabain, Annemaria von. (1988) Eski Türkçenin Grammeri, Ankara, Türk Dil Kurumu.

Ayrıntılar

Birincil Dil

Türkçe

Konular

Eski Türk Dili (Orhun, Uygur, Karahanlı)

Bölüm

Araştırma Makalesi

Yayımlanma Tarihi

30 Haziran 2023

Gönderilme Tarihi

5 Haziran 2023

Kabul Tarihi

30 Haziran 2023

Yayımlandığı Sayı

Yıl 2023 Cilt: 5 Sayı: 1

Kaynak Göster

APA
Burkitbayeva, S. (2023). Көне ұйғыр және қазіргі қазақ тілдерін құрылымдық тұрғыдан салыстыру («Бүгү Қағанның манихейзмді қабылдауы» атты көне ұйғыр тіліндегі мәтін негізінде). International Journal of Old Uyghur Studies, 5(1), 47-64. https://doi.org/10.46614/ijous.1310195
AMA
1.Burkitbayeva S. Көне ұйғыр және қазіргі қазақ тілдерін құрылымдық тұрғыдан салыстыру («Бүгү Қағанның манихейзмді қабылдауы» атты көне ұйғыр тіліндегі мәтін негізінде). International Journal of Old Uyghur Studies. 2023;5(1):47-64. doi:10.46614/ijous.1310195
Chicago
Burkitbayeva, Shynaray. 2023. “Көне ұйғыр және қазіргі қазақ тілдерін құрылымдық тұрғыдан салыстыру («Бүгү Қағанның манихейзмді қабылдауы» атты көне ұйғыр тіліндегі мәтін негізінде)”. International Journal of Old Uyghur Studies 5 (1): 47-64. https://doi.org/10.46614/ijous.1310195.
EndNote
Burkitbayeva S (01 Haziran 2023) Көне ұйғыр және қазіргі қазақ тілдерін құрылымдық тұрғыдан салыстыру («Бүгү Қағанның манихейзмді қабылдауы» атты көне ұйғыр тіліндегі мәтін негізінде). International Journal of Old Uyghur Studies 5 1 47–64.
IEEE
[1]S. Burkitbayeva, “Көне ұйғыр және қазіргі қазақ тілдерін құрылымдық тұрғыдан салыстыру («Бүгү Қағанның манихейзмді қабылдауы» атты көне ұйғыр тіліндегі мәтін негізінде)”, International Journal of Old Uyghur Studies, c. 5, sy 1, ss. 47–64, Haz. 2023, doi: 10.46614/ijous.1310195.
ISNAD
Burkitbayeva, Shynaray. “Көне ұйғыр және қазіргі қазақ тілдерін құрылымдық тұрғыдан салыстыру («Бүгү Қағанның манихейзмді қабылдауы» атты көне ұйғыр тіліндегі мәтін негізінде)”. International Journal of Old Uyghur Studies 5/1 (01 Haziran 2023): 47-64. https://doi.org/10.46614/ijous.1310195.
JAMA
1.Burkitbayeva S. Көне ұйғыр және қазіргі қазақ тілдерін құрылымдық тұрғыдан салыстыру («Бүгү Қағанның манихейзмді қабылдауы» атты көне ұйғыр тіліндегі мәтін негізінде). International Journal of Old Uyghur Studies. 2023;5:47–64.
MLA
Burkitbayeva, Shynaray. “Көне ұйғыр және қазіргі қазақ тілдерін құрылымдық тұрғыдан салыстыру («Бүгү Қағанның манихейзмді қабылдауы» атты көне ұйғыр тіліндегі мәтін негізінде)”. International Journal of Old Uyghur Studies, c. 5, sy 1, Haziran 2023, ss. 47-64, doi:10.46614/ijous.1310195.
Vancouver
1.Shynaray Burkitbayeva. Көне ұйғыр және қазіргі қазақ тілдерін құрылымдық тұрғыдан салыстыру («Бүгү Қағанның манихейзмді қабылдауы» атты көне ұйғыр тіліндегі мәтін негізінде). International Journal of Old Uyghur Studies. 01 Haziran 2023;5(1):47-64. doi:10.46614/ijous.1310195