Мақал-Мәтелдерді Оқытудың Тілдік Ерекшеліктері
Öz
Мақал-мәтелдердің тілі қарапайым және өте көркем, сөздік құрамы бай. Сөйлем құрылысы жағынан жеңіл, әсерлі болып келеді. Халық мақал-мәтелдеріндегі қолданылған сөздердің тек қана сыртқы сұлулығын қарамайды, сонымен қатар құрамындағы сөз мағынасын шебер, орынды қолданылуына да назар аударады. Мақал-мәтелдерді оқып үйрену ана тіліміздің байлығын, сөйлем құрылысын, дұрыс сөйлеу заңын жетік білуімізге, тілімізді дамытып ой-өрісімізді кеңейтуге себепші болады.
Фольклордың басқа түрлері сияқты мақал-мәтелдер – халық оқулығы, өсиеті. Олар жастарды тәрбиелейді, жамандықтан сақтандырады. Ең алдымен қарапайымдылыққа, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа мегзейді, еңбекке, ерлікке баулиды. Адалдықты, адамгершілікті мақтап, насихаттай отырып, оған қарама-қарсы арамдық, қараулық, өтірік-өсек, жалқаулық, ұрлық, екі жүзділік секілді жарамсыз мінез-құлықтар сыналады.
Мақал-мәтел – халықтың сан ғасырлық көрген-білгенінен, бастан кешкен уақиғаларынан қорытқан ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы, табиғатта, өмірде үнемі қайталап тұратын уақиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
Әр халықтың мақалы мен мәтелі – сол халықтың өзі жасап алған логикалық формуласы, ережесі. Ол кез келген уақиғаның, мәселенің тұсында еске түседі, тілге оралады. Сөйтіп көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсені жеп жеңіл, оп-оңай, бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіреді, ұғындырады.
Әрбір халықтың жас буынды тәрбиелеу ісінде сүйенетін ұлттық тәлімі қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер. Ал, жас ұрпақ сана-сезімін, ұлттық психологиясын көнеден келе жатқан халықтың болмыс-бітімін танытатын, діліміз мен тіліміздің ерекшелігін айқын көрсететін мұрамыз мақал-мәтелдер арқылы қалыптастырудың мәні мен маңызы орасан зор болмақ.
Anahtar Kelimeler
Kaynakça
- 1. Адамбаев, Б. (1976), Халық даналығы, Алматы: Ғылым 2. Ғабдуллин, М. (1958), Қазақ халқының ауыз әдебиеті, Алматы:Ғылым 3. Жарықбаев, Қ. (1980), Аталар сөзі-ақылдың көзі, Алматы: Ана тілі 4. Әлімбаев, М. (1990), Өмір. Өнер. Өнерпаз. Алматы: Жазушы 5. Байтұрсынұлы, А. (2003), Әдебиет танытқыш, Алматы: Ғылым
Ayrıntılar
Birincil Dil
Türkçe
Konular
-
Bölüm
Araştırma Makalesi
Yayımlanma Tarihi
1 Haziran 2020
Gönderilme Tarihi
3 Mayıs 2020
Kabul Tarihi
3 Haziran 2020
Yayımlandığı Sayı
Yıl 2020 Cilt: 4 Sayı: 1
APA
Sarbasov, B., & Eralieva, T. (2020). Мақал-Мәтелдерді Оқытудың Тілдік Ерекшеліктері. Milli Kültür Araştırmaları Dergisi, 4(1), 96-100. https://izlik.org/JA56BW84WF
AMA
1.Sarbasov B, Eralieva T. Мақал-Мәтелдерді Оқытудың Тілдік Ерекшеліктері. MİKAD. 2020;4(1):96-100. https://izlik.org/JA56BW84WF
Chicago
Sarbasov, Bolathan, ve T. Eralieva. 2020. “Мақал-Мәтелдерді Оқытудың Тілдік Ерекшеліктері”. Milli Kültür Araştırmaları Dergisi 4 (1): 96-100. https://izlik.org/JA56BW84WF.
EndNote
Sarbasov B, Eralieva T (01 Haziran 2020) Мақал-Мәтелдерді Оқытудың Тілдік Ерекшеліктері. Milli Kültür Araştırmaları Dergisi 4 1 96–100.
IEEE
[1]B. Sarbasov ve T. Eralieva, “Мақал-Мәтелдерді Оқытудың Тілдік Ерекшеліктері”, MİKAD, c. 4, sy 1, ss. 96–100, Haz. 2020, [çevrimiçi]. Erişim adresi: https://izlik.org/JA56BW84WF
ISNAD
Sarbasov, Bolathan - Eralieva, T. “Мақал-Мәтелдерді Оқытудың Тілдік Ерекшеліктері”. Milli Kültür Araştırmaları Dergisi 4/1 (01 Haziran 2020): 96-100. https://izlik.org/JA56BW84WF.
JAMA
1.Sarbasov B, Eralieva T. Мақал-Мәтелдерді Оқытудың Тілдік Ерекшеліктері. MİKAD. 2020;4:96–100.
MLA
Sarbasov, Bolathan, ve T. Eralieva. “Мақал-Мәтелдерді Оқытудың Тілдік Ерекшеліктері”. Milli Kültür Araştırmaları Dergisi, c. 4, sy 1, Haziran 2020, ss. 96-100, https://izlik.org/JA56BW84WF.
Vancouver
1.Bolathan Sarbasov, T. Eralieva. Мақал-Мәтелдерді Оқытудың Тілдік Ерекшеліктері. MİKAD [Internet]. 01 Haziran 2020;4(1):96-100. Erişim adresi: https://izlik.org/JA56BW84WF