Берілген мақалада «Авеста» - зороастризм діні тараған шығыс халықтарының бірталайының ортақ мұрасы екендігі айтылған. Әлемге кең тараған xристиан, будда, ислам тағы басқа діндердің жасалуына себепші болған зороастризм діні Авеста шығармасында қаралғандығы расталады. Космологиялық-әлем жаратылысы, бөлшектер туралы мифтер, жануарлар жайлы, жақсылық әкелуді құдіретті тұлғалар мен жаманшылық жасауды мейірімсіз бейнелер жөніндегі мифтер және алғашқы адам мен әуелгі кемеңгер батырлар жайлы мифтер, сондай-ақ, дәстүр-салт, наным-сенім, өмір сүру ережелеріне қатысты мифтер бар екендігі мәлімделеді.
“Авеста” шығармасын Орта Азияда, соның ішінде Әмудария мен Сырдария өзендерінің төменгі ағысындағы Хорезм өңіріндегі xалықтардың көне руxани мұралары негізінде қалыптасқан деген пікір ғылыми негізде тұжырымдалды. Орта Азиялық скиф-сақ тайпалары тәжік xалқының арғы аталарының бірі екендігі айтылды. Біздің арғы бабамыз – Тұран қолбасшысы әрі данасы Афрасияб (Апрасияп) туғызған шешендік сөздер де «Авеста» шығармасын жасауға арқау болғандығы көрсетілді. Жалғыз жаратушы – Тәңірге табыну көне түркілер арасында көне заманнан қалыптасқандығы ғалымдардың пікірлері арқылы берілген. Көне түркілердің алғашқы қауымдық, бақташылық дәуірден бері қарай жасаған мәдени, рухани мұралары да “Авеста” шығармасының жасалуына себепші болғандығы мәлімделген.
Birincil Dil | Rusça |
---|---|
Bölüm | Makaleler |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 15 Mayıs 2016 |
Gönderilme Tarihi | 10 Nisan 16 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2016 |
Avrasyad''de yayınlanan makaleler, Creative Commons Atıf-Gayriticari 4.0 Uluslararası Lisansı (CC BY-NC 4.0) ile lisanslanmıştır. Bilimsel araştırmaları kamuya ücretsiz sunmanın bilginin küresel paylaşımını artıracağı ilkesini benimseyen dergi, tüm içeriğine anında açık erişim sağlamaktadır. Makalelerdeki fikir ve görüşlerin sorumluluğu sadece yazarlarına ait olup Avrasyad''nin görüşlerini yansıtmazlar. Kullanım Şartları ve Gizlilik Politikası