Қазақ поэзиясының классигі Абай мұрасы жайында қазақ әдебиеттану ғылымында жүздеген зерттеулер жасалған. Абайдың ақындық даналығы мен даралығын танытуда 1949 жылдан өмірінің соңғы сағатына дейін еңбектенген академик Зәки Ахметовтің бұл саладағы үлесі салмақты. З.Ахметовтің әдебиет теориясындағы ең басты тақырыбы абайтану екені айқын.. Ұлы Абайдың ақындық әлеміне көз жіберіп, сол арқылы қазақ өлеңінің өсу-өркендеу эволюциясын пайымдау, бүгінгі қазақ поэзиясының көркемдік биігін саралап беру арқылы, абайтану саласының қазыналы қорын байыта түсті. Қандай теориялық тұжырым болмасын, оның негізі Абай өлеңдерімен дәлелденіп жатуы ғалымның биік талғамының көрінісі. Оның «Лермонтов және Абай» (1954), «Қазақ өлеңінің құрылысы» (1964), «Қазақ поэзиясының тілі туралы» (1970), «Абайдың ақындық әлемі» (1995), «Поэзия шыңы даналық» (2000) т.б. монографиялары мен 300-ден астам ғылыми мақалаларын арнағаны әдебиетші-ғалымдарға белгілі. Зерттеуші Абайдың ақындық әлемін мағыналық ауқымы өте кең ұғым ретінде қарастырады. Өйткені Абай поэзиясы - өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкейкесті, ең күрделі және маңызды мәселелерін қозғаған, толғаған поэзия екендігі даусыз. Оның өлеңдерінде қазақ өмірінің көркемдеп бейнеленген телегей теңіз шындығы бар. Алайда ақынның осы шындықты айтуда әсіре қызылдыққа бармаған, керекті-керексіз жерінде сөздерді боямалап, әшекейлемегендіктен оның шығармалары адамды баурап алар тартымдылыққа ие. Абай шығармалары қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында өзінше бөлек, өрісі аса биік, мүлде жаңа ой-пікір, көркем сезім әлемін ашқандығы да сондықтан деп ойлаймын. Жасандылық атаулы Абай поэзиясына жат нәрсе екендігі сан мәрте қайталанып айтылуда.
Абайтану саласында ақынның өлең құрылысы, оның тіл шеберлігі хақында академик Зәки Ахметовтің зерттеулерінің орны өзгеше. З.Ахметов бүкіл ғылымдағы мағыналы ғұмырын Абай мұрасын зерттеуге арнаған ғалым. Бұл мақалада ғалымның ұлы ақынның поэзиясындағы тілдік қолданыстар, көркемдік айшықтар, қазақи сөз тіркестерінің қолданудағы шеберлігі жайында айтылады Абай өлеңдердің мағыналық, суреттілік қуатына аса мән бергендігі хақында сөз болады.
Birincil Dil | Rusça |
---|---|
Bölüm | Makaleler |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 15 Mayıs 2016 |
Gönderilme Tarihi | 5 Nisan 2016 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2016 |
Avrasyad''de yayınlanan makaleler, Creative Commons Atıf-Gayriticari 4.0 Uluslararası Lisansı (CC BY-NC 4.0) ile lisanslanmıştır. Bilimsel araştırmaları kamuya ücretsiz sunmanın bilginin küresel paylaşımını artıracağı ilkesini benimseyen dergi, tüm içeriğine anında açık erişim sağlamaktadır. Makalelerdeki fikir ve görüşlerin sorumluluğu sadece yazarlarına ait olup Avrasyad''nin görüşlerini yansıtmazlar. Kullanım Şartları ve Gizlilik Politikası