Мақалада коммуникация кезінде қолданылатын ым, ишараттардың, оның ішінде көз соматизмінің әлеуметтік және мәдени қызметтерінің қолданылу дәрежесі сөз болды. Көз қимылдарының ишараттық және дене қалыбы әрекеттерімен тығыз байланысты болып келетіндігі қарастырылды. Сонымен қатар көзге қатысты бейвербалды элементтердің мәнмәтінге қарай беретін мағынасы, яғни бір қимылдың бірнеше мағынада қолданылуы мүмкіндігі дәйектелді. Көз соматизміне байланысты көп мағынаны білдіретін ым-ишараттардың мағыналық топтары сараланып көрсетілді.
Көз қимылдарының және көздің әлеуметтік, коммуникативтік қызметінің айрықша ережелерін қолдану тек мәнмәтінде ғана жүзеге аспайды, сонымен қатар арнайы рәсімдерде де қолданылады. Күнделікті диалогті қарым-қатынаста адамдар өз мақсаттарына жету үшін жиі көз қимылдарын пайдаланып жатады. Көздің көмегімен мақсатына жету үшін әртүрлі қимылдар жасалынады. Мәселен, көзін қағу, көзімен ату немесе көзімен жүргізу, көзімен ымдау, т.т.
Сонымен қатар мақалада вербалды амалдармен жеткізілген хабарда сөйлеушінің эмоциясын, оның қандай жағдайда және нені меңзеп тұрғанын толықтай білу жеткіліксіз сияқты болатыны, ал бейвербалды амалдар сол тілдік амалдарға қосымша мағына беріп, сөйлеушінің қарым-қатынас барысында қолданған ым-ишарасы оның көңіл-күйінен хабардар етіп, шынайы бет-бейнесін ақпарат бере алатыны туралы мәселе қозғалады.
Birincil Dil | Türkçe |
---|---|
Bölüm | Makaleler |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 15 Mayıs 2016 |
Gönderilme Tarihi | 1 Nisan 16 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2016 |
Avrasyad''de yayınlanan makaleler, Creative Commons Atıf-Gayriticari 4.0 Uluslararası Lisansı (CC BY-NC 4.0) ile lisanslanmıştır. Bilimsel araştırmaları kamuya ücretsiz sunmanın bilginin küresel paylaşımını artıracağı ilkesini benimseyen dergi, tüm içeriğine anında açık erişim sağlamaktadır. Makalelerdeki fikir ve görüşlerin sorumluluğu sadece yazarlarına ait olup Avrasyad''nin görüşlerini yansıtmazlar. Kullanım Şartları ve Gizlilik Politikası