Мақалада соңғы жылдары Қазақстандың жалпы білім беру мектептерінде және ЖОО да қолданыста жүрген “сын тұрғысынан ойлау”, “шығармашылық ойлау” және “рефлексия” ойлау түрлеріне түсініктер беріліп, олардың бір – бірінен ұқсастықтары мен айырмашылықтары мысалдар келтіру арқылы қарастырылады. Авторлар бұған дейінгі Д.Халперен ,Д.Клустер, Эдвард де Боне, Дж.Дьюи сияқты атақты ғалымдардың еңбектеріне талдау жасай отырып өз көзқарастарын, өз версиясын ұсынады. Жоғарыда келтірілген авторлардың еңбектерінен бұл статьяның айырмашылығы сын тұрғысынан ойлауға ойлаудың “синергиялық” және “бисоциативті” түрлерін жатқызуы және олардың танымдық деңгейлеріне тоқталынуы. Мақаланың өзектілігі бұл терминдер қазіргі уақытта оқу орындарында қолданыста болғанымен, мұғалімдер үшін тәжірибеде пайдаланып дағыланбаған терминдер. Бұл терминдер қазіргі уақытта оқу орындарында қолданыста болғанымен, олардың тереңнен астарласып жатқан мағанасын түсіну үшін, философиялық мағанасын түсініп алуды ұсынады. Бұл терминдердің ұқсастықтары даму үшін, ілгерілеу үшін жасалынатын өзіндік ойтолғау. Рефлексия - сын тұрғысынан ойлау мен шығармашылық ойлау дағдыларының дамуына белсенді түре мүмкіндік жасайтындығы айтылады. Авторлар осы үш түрлі ойлаудың айырмашылықтарына терең үңілген сайын бұл ойлардың бір – бірімен тереңнен астарласып жатқанынын және түбі бір – “ойлау” екендігіне тағы да дәлелдей түседі.
сын тұрғысынан ойлау шығармашылық ойлау рефлексия ойлау ойлау түрлері
Birincil Dil | Türkçe |
---|---|
Bölüm | Makaleler |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 15 Mayıs 2016 |
Gönderilme Tarihi | 5 Nisan 2016 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2016 |
Avrasyad''de yayınlanan makaleler, Creative Commons Atıf-Gayriticari 4.0 Uluslararası Lisansı (CC BY-NC 4.0) ile lisanslanmıştır. Bilimsel araştırmaları kamuya ücretsiz sunmanın bilginin küresel paylaşımını artıracağı ilkesini benimseyen dergi, tüm içeriğine anında açık erişim sağlamaktadır. Makalelerdeki fikir ve görüşlerin sorumluluğu sadece yazarlarına ait olup Avrasyad''nin görüşlerini yansıtmazlar. Kullanım Şartları ve Gizlilik Politikası