Мақалада Арқа ӛңірінде ерекше қарқынмен дамыған, ӛзіндік мектеп
қалыптастырған әнші-ақындар шығармашылығының ерекшеліктері сӛз болады. Авторлар
қазақ даласындағы сал-серілік ӛнердің сипаттарына да тоқтала отырып, олардың заңды
жалғасы сияқты кӛрінетін әнші-ақындар тобын ӛзге ӛнер ортасынан айырықшалап
тұратын белгілеріне тоқталған. Әнші-ақындардың қазақ ұлттық ӛнерін ӛрістетудегі, әсіресе
музыка мен сӛз ӛнерінің XIX ғасырда айырықша дамуындағы атқарған қызметі зор болды.
Қазақ даласының әр аймағында қалыптасқан осындай мектептің бірі – Арқадағы әнші-
ақындар мектебі.
Әйгілі Біржан сал дәстүрінен түлеп ұшқан Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы,
Құлтума, Ғазиз, Иманжүсіп, Кемпірбай, Шашубай, Тайжан, Ағашаяқ сынды ӛнер
тарландарының шығармаларындағы тақырып ӛрісі, атап айтқанда, әнші-ақындардың
шығармаларындағы әлеуметтік мәселелердің қозғалуы, олардың қоғамдық ортаға деген
сыншылдық кӛзқарасы, әділетсіздік атаулыға деген қарсылық таныту кӛзқарастарының
туу себептері сӛз етіледі. XIX ғасырдағы қазақ даласында болып жатқан оқиғалар, яғни ен
даланы еркін иемдене бастаған отарлаушылар әрекеті, отар елге айналып бара жатқан
қазақ елінің тағдыры, елдің сол уақыттағы хал-күйі әнші-ақындардың бәрін де бейжай
қалдырмады. Осындай тарихи оқиғалар қозғалысына үн қатқандардың бірі әнші-ақындар
тобы екені дәлелді мысалдармен, бұған дейін айтылған ғылыми пікірлермен орайлас сӛз
болады
қазақ сӛз ӛнері әнші-ақындар сал-серілік дәстүр әлеуметтік теңсіздік
Birincil Dil | Rusça |
---|---|
Bölüm | Makaleler |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 15 Temmuz 2017 |
Gönderilme Tarihi | 27 Haziran 2017 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2017 |
Avrasyad''de yayınlanan makaleler, Creative Commons Atıf-Gayriticari 4.0 Uluslararası Lisansı (CC BY-NC 4.0) ile lisanslanmıştır. Bilimsel araştırmaları kamuya ücretsiz sunmanın bilginin küresel paylaşımını artıracağı ilkesini benimseyen dergi, tüm içeriğine anında açık erişim sağlamaktadır. Makalelerdeki fikir ve görüşlerin sorumluluğu sadece yazarlarına ait olup Avrasyad''nin görüşlerini yansıtmazlar. Kullanım Şartları ve Gizlilik Politikası