Araştırma Makalesi
BibTex RIS Kaynak Göster

ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИТІ СЫНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Yıl 2016, Cilt: 4 Sayı: 9, 58 - 66, 15.05.2016
https://doi.org/10.33692/avrasyad.509489

Öz

Бұл мақалада балалар әдебиетінің даму арналары мен ,балалар әдебиетінің сын
мәселелері арнайы қарастырылады. Қазақ балалар әдебиетіндегі кейбір жанрлардың
дамуы, кейбір ақын- жазушылардың балалар әдебиетіндегі орны салмақталып, баға
беріледі. Бала дүниетанымы мен психологиясын танытудағы қаламгер шеберлігіне
талдаулар жасалады.Балалар әдебиеті - әдебиеттің жеке арнасы, ол жалпы әдеби
процеспен терең байлыныста болғандықтан ашылмаған қыр-сыры көп. Балалар әдебиетін
зерттеумен айналысқансыншы Қ.Ергөбек көпшілік сыншылар бара бермеген балалар
әдебиетінің өкілдері туралы жазған. Қазақ балалар әдебиетінде жете назар салуды
қажетсінетін мәселенің бірі-жанр проблемасы. Соның бірі - балалар прозасы. Қ.Ергөбек
қазақ балалар прозасының дамуы біркелкі еместігін ескерте отырып, С.Бегалиннің
«Сәтжан», «Шоқан», С.Мұқановтың «Бақташының баласы», М.Әуезовтың «Көксерегі»,
С.Омаровтың жиырмасыншы жылдардың шындығын бала кейіпкер бейнесінде суреттеген
әңгіме, повестері, сөз жоқ, балалар прозасының әр кезеңдегі, белеңді туындылары.
Әрдайым жадымызда ұстайтын шығармалар деп, баға береді. Тәуелсіздік дәуіріне дейінгі
балалар әдебиетінің даму процесі мен балалар жазушылары шығармашылығына
тоқталып, қажет тұстарында сүбелі ойлары беріліп, қазақ балалар әдебиеті сынының
даму арналары айқындалады.
Мақалада Қ.Ергөбек қазақ балалар прозасының тілі туралы да арнайы сөз
етеді.Тіл білмеуден, әйтпесе, күнделікті тіршілікте аз қолданылатын сөздерді іздене
пайдалана алмаушылықтан, сөздің мағынасына мән бермей қате қолданушылықтан,
стильдік олақтықтан, өмір көрінісін образбен жеткізем деген тілектен туған қойыртпақ
қолданыстардың балалар әдебиетінде орын алуына жол жоқ екендігін өткір сынайды.

Kaynakça

  • AHMETOV Sh., (1976), Qazaq sovet balalar adebiyeti, Almati: Mektep.
Toplam 1 adet kaynakça vardır.

Ayrıntılar

Birincil Dil Türkçe
Bölüm Makaleler
Yazarlar

Ayimcan Muhamedjanova Bu kişi benim

Yayımlanma Tarihi 15 Mayıs 2016
Gönderilme Tarihi 10 Nisan 2016
Yayımlandığı Sayı Yıl 2016 Cilt: 4 Sayı: 9

Kaynak Göster

APA Muhamedjanova, A. (2016). ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИТІ СЫНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. Avrasya Uluslararası Araştırmalar Dergisi, 4(9), 58-66. https://doi.org/10.33692/avrasyad.509489

 27448 27618 27616   27615  27574 27609   27627


Avrasyad''de yayınlanan makaleler, Creative Commons Atıf-Gayriticari 4.0 Uluslararası Lisansı (CC BY-NC 4.0) ile lisanslanmıştır. Bilimsel araştırmaları kamuya ücretsiz sunmanın bilginin küresel paylaşımını artıracağı ilkesini benimseyen dergi, tüm içeriğine anında açık erişim sağlamaktadır. Makalelerdeki fikir ve görüşlerin sorumluluğu sadece yazarlarına ait olup Avrasyad''nin görüşlerini yansıtmazlar. Kullanım Şartları ve Gizlilik Politikası