Түркі интеграциясы тек саяси-экономикалық байланыстар арқылы ғана дамып келе жатқан жоқ. Ол өз бастауын тілдік тамырластықтан алады да, әрі қарай көне түрік, одан әрі түрік-моңғол тілдік байланысына дейін ұласады. Қазіргі қазақ және түрік халықтарының тілдік материалдары негізінде тарихи ортақ тамырлар мен тілдік мәдени байланыстардың, ерекшеліктердің анықталуы өте өзекті мәселелердің бірі. Сол байланыстардың басында күллі адамзатқа тән алғашқы қажеттіліктердің бірі – тамақтану мәдениеті тұр. «Асың болса берiп жүрiп ел таны, атың болса желiп жүрiп жер таны» деген белгілі қазақ мақалы дәстүрлі тағамдар жүйесінің этномәдени айғақты болмысын танытады. Дәстүрлі ас-тағам қонаққа көрсетілер сый-құрметтің басы, қоғамдық қатынастардың ажырамас бөлшегі, реттеуші құралдарының бірі болып табылады. Сол себепті тағам атауларының ұлттық-мәдени аспектісін қазақ және түрік тілі материалдары негізінде қарастыру өте өзекті саналады. Сүтті құрғату, ашыту, ұйыту және тағы да басқа тәсілдер арқылы алынған өнімдер (атап айтқанда, құрғақ сүт, ірімшік, құрт, айран, қымыз) ежелгі түріктердің заманынан келе жатқан ұлттық тағамдар ретінде бүгінгі күннің өзінде өзектілігін жоймады. Мақалада осы сүт өнімдерінің қазақ және түрік тілдеріндегі атауы, жасалуы, түрлері мен тұтынылуы сипатталды. Сүттен жасалатын тәттілер, тіскебасарлар мен сусын атаулары лингвомәдени зерттеудің нысанына алынып, екі халықтың тұрмысы мен өмір сүру салтына қарай анықталған айырмашылықтары мен ұқсастықтары анықталды, тілдік даму сатылары әдеби тілден алынған мысалдармен негізделді.
Этнографизмдер ұлттық тағамдар қазақ тағамдары түрік тағамдары тағам атаулары этнолингвистикалық сипаттамасы
Birincil Dil | Türkçe |
---|---|
Konular | Dilbilim |
Bölüm | Makaleler |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 30 Ocak 2022 |
Gönderilme Tarihi | 31 Ekim 2021 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2022 Cilt: 12 Sayı: 20 - Genç Araştırmacılar Sayısı |