Қаһармандық (батырлық) эпосты жалпы эпос жанрының шыңы, халықтың әділетті, бай-дәулетті, бақуатты қоғам жөніндегі, қаһармандық, батырлық, адамгершілікті қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастар туралы идеалдарын бойына жинақтаған ең құнды бөлігі деуге болады. Әрине, қаһармандық эпосқа жататын барлық шығармалардың бәрі бірдей аса көркем, тамаша туындылар емес екені анық. Оның стадиялық жағынан бұрынырақ туындаған, архаикалық эпостың, мифтің сілемі әлі де жойылмаған, қалдық көне мотивтері тым көп сақталып қалған ескілеу нұсқалары бар, орташа дамыған шығармалар да, сондай-ақ классикалық қаһармандық эпостың ең озық үлгілері дейтіндей аса көркем, көлемді де, төрт аяғын тең басқан келісті туындылары бар. Мақалада қаһармандық эпостағы батырлар жән олардың тұлпарлары, арасындағы байланыс мотифтері қарастырылған.
Birincil Dil | Türkçe |
---|---|
Bölüm | Makaleler |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 30 Nisan 2020 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2020 Cilt: 3 Sayı: 2 |