Мақалада қазақ және әлем әдеби байланыстары сөз болады. Қазақ әдебиеті коммуникативтік қарым-қатынас нәтижесінде өзге халықтардың әдебиеттерімен де байланысты. Ең бірінші, жиі байланысты түркі халықтарының әдебиеттерімен, орыс әдебиетімен, сонымен қатар ағылшын әдебиетімен байланысын атап өткіміз келеді. Алғашқы кезде қазақ-ағылшын әдеби байланыстары орыс әдебиеті арқылы жүргізілді. Себебі ағылшын тіліндегі көркем туындылардың аудармалары орыс тіліндегі аударма нұсқасы негізінде жүзеге асырылып жатты. Сондықтан да тікелей байланыс емес, ортадағы делдал әдебиет арқылы байланыс орнатылған еді. Бірақ соңғы жылдары, яғни ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басында ағылшын тіліндегі көркем әдебиетті тікелей аудару қолға алынды. Осылайша қазақ және ағылшын әдебиетінің өзара байланысы жаңа сипат алды. Қазақ және әлем әдебиетінің байланыстары жүзеге асып жатты. Сонымен қатар, негізінен, прозалық шығармалар көбірек аударылды. Поэзиялық туындылар бүгінгі күнде тікелей аударылып жатқан жайы бар. Мақалада прозалық шығармалардың аударылуы негізіндегі байланыстар сөз болады.
қазақ әдебиеті ағылшын әдебиеті әлем әдебиеті көркем аударма әдеби байланыс
Birincil Dil | Türkçe |
---|---|
Bölüm | Makaleler |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 31 Ocak 2022 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2022 Cilt: 5 Sayı: 1 |