Бұл мақалада түбі бір түркі әлеміндегі елдердің қалыптасу тарихы, географиялық жағдайы, құрамына кіретін елдер мен автономиялы аудандары туралы ақпараттар беріледі. Сондай-ақ Түркі мемлекеттерінің арасындағы ынтымақтастық, қарым-қатынас мәселелері қарастырылған. : Еуразия материгінде түркілердің, біздің заманымызға дейін 3000-4000 жыл бұрын жүріп өткен өте ұзақ тарихы бар. Мұны біз, кеңістік пен уақыт аясында қарастырғанымыз жөн. Өткен ғасырдың 1980-90 жылдар тоғысында, Шығыс Еуропаның елдеріндегі түбегейлi саяси-қоғамдық және әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге байланысты социалистік жүйе типологиясы өзiнiң көп бөлiгiн жоғалтты. Ал 1991 жылдың соңында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО), өзiнiң ыдырауы нәтижесiнде бiрыңғай геосаяси кеңiстiк және халықаралық құқық субъектiсi мәнiндегi өмiр сүруiн тоқтатты. Осылайша оның құрамындағы одақтас республикалардың тәуелсiз мемлекеттерге айналуы, Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi қалыптасқан әлемдiк геосаяси жүйенi құрылымдық жағынан қайта жаңғыртты.
Birincil Dil | Türkçe |
---|---|
Bölüm | Makaleler |
Yazarlar | |
Yayımlanma Tarihi | 31 Ocak 2023 |
Yayımlandığı Sayı | Yıl 2023 Cilt: 6 Sayı: 1 |